14.6 C
Нарынкол
Понедельник, 16 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

АҚЫН — ЕЛДІҢ АРДАҒЫ

Жуырда Нарынқол балалар кітапханасында «Ақын елдің ардағы» атты тэйблток өтті. Өткізілген шараның кезекті қонағы Нарынқолдық жас ақын «Тепкіш жүрек» атты жыр жинақтың авторы Жаңабай Қожабекұлы болды.

Ақынмен өткен кездесудің басы оқырмандар тарапынан келген сұрақтармен басталды. Жалпы Ж. Қожабекұлының өмір жолы, шығармашылығы жайлы, әдебиетке, ақындыққа қалай келгендігі, өлең жазудағы тақырып таңдауы туралы әңгіме өрбіді. Жақын арада өткен тілдер күні мерекесі сонымен қатар конституция мерекесі де тілге тиек болды. «Анамның ақ сүтін қалай қадірлесем, ана тілімді де солай қастерлеймін» деген жас ақын қазақ тілі туралы тебірене сөйлеп, барша оқырмандарды қазақ тілін қадірлеуге шақырды.

Өткізілген шараның соңында ақын өз өлеңдерін оқып қошеметке бөленді. Кітапханашылар мен оқырмандар ақынға алғыс айтып, шарадан алған әсерлерімен бөлісті.

Гүлзира Самеева,

Нарынқол балалар кітапханасының кітапханашысы

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Алматы облыстық мәдениет басқармасы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы аясында 100-ге жуық шара ұйымдастырды

Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғаларының бірі, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ көлемінде аталып...

Осыған ұқсас мақалалар