14.6 C
Нарынкол
Понедельник, 16 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

Ағылшын тілінің білікті маманы

Ағылшын тілінің маңыздылық деңгейін бүгінгі заманның өзі айшықтап берді. Жан-жақты дамуды, әлемдік деңгейдегі қарым-қатынасты, шетелге шығуды қаласаң, ағылшын тілін меңгеру қажет. Бүгінгі күні тілді меңгерудің сан түрлі тәсілі бар, тек ұмтылыс пен ынта қажет. Өткенмен салыстырғанда, ауданымыздағы ағылшын тілін меңгерудің ахуалы едәуір ілгерілеп келеді, мұның басты себебі- мамандардың көбеюі.

Ағылшын тілінен “мықты” мамандардың көбеюі ауданымыздағы “англофандардың” ағылшын тілін жетік меңгергендерге айналуына үлкен ықпал етеді.  Ауданымыздағы беделді білім ордаларының бірі- Б.Соқпақбаев атындағы мектеп-гимназиясында ағылшын тілі пәнінен сабақ беруші мұғалімдердің жалпы саны- 7 мұғалім. Мақалаға арқау етпегім, мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің бірі де бірегейі — Мақпал Нұрболатқызы.

Мақпал Нұрболатқызы 1984 жылы 6 наурызда Нарынқол ауылында дүниеге келген. Қазіргі Тельман Жанұзақов атындағы орта мектептің түлегі. Мектепті аяқтаған соң, Абай атындағы Қазақ  Ұлттық Педагогикалық университетіне ағылшын және неміс   тілі мамандығы бойынша оқуға түсті. Бір қызығы, Мақпал ханымның негізгі қалауы- дәрігер мамандығы болған екен, алайда таңдау сәті түскенде, ата-ана жолын жалғастырып, ұлағатты ұстаз болуды таңдаған. Мақпал Нұрболатқызының шет тілдерге деген таңдауы да кездейсоқ емес, мектеп қабырғасында ағылшын тілін ерекше қызығушылықпен оқыған, кейіннен қызығушылық қоғам қажеттілігімен ұштасты. Осылайша, жоғарғы білімді жас маман, алғашқы еңбек жолын 2006 жылы Б.Соқпақбаев атындағы мектепте ағылшын тілі мұғалімі болып бастады. Уақыт шіркінде тоқтау бар ма, бүгінде Мақпал Нұрболатқызының ұстаздық тәжірбиесіне 18 жыл.

Мақпал ұстаздың бірегейлігі — оның шексіз ізденіс жолында. Осы тұста, “тал бесіктен, жер бесікке дейін білім ал” деген даналық сөз ойға оралады. Мақпал Нұрболатқызы университет қабырғасындағы 4 жылдық біліммен шектелмеді. Отбасын құрып, қосымша міндеттері пайда болса да, ағылшын саласындағы ізденісін тоқтатып, шеберлігін шыңдаудан шаршаған емес. 

Жуырда ғана өзін-өзі қаржыландыру арқылы Лондон қаласына біліктілігін арттыру мақсатында оқуға барып келді.

Әлемді дүрліктірген коронавирус індеті кезінде Ces for you арнайы оқу орталығының құрылтайшысы, жерлесіміз Айгүл Қанатқызы арнайы ауданға келіп, Б. Соқпақбаев мектебінде ағылшын тілінен онлайн курс өткізген. Осылайша, Мақпал ханым Айгүл Қанатқызымен танысып, курсқа оқушыларды ұйымдастырып, Ces for you оқу орталығының ауданымыздағы менеджері ретінде жұмыс атқарып, біршама оқушыны ағылшын тілін оқуға жұмылдырды. Менеджер ретінде оқушыларды деңгей бойынша іріктеп, онлайн сабақ кестесін реттестіріп, ата-анамен сабақтастықты жүзеге асырды. 1 жылдан кейін нәтиже анықтау мақсатында ауданымызда ағылшын тілі бойынша олимпиада өткізілді, нәтижесінде Ақжол есімді оқушы бас жүлдеге ие болды. Осылайша, Мақпал Нұрболатқызын оқушы жетістігі үшін  менеджер ретінде 50%-дық жеңілдікпен Дубай қаласына оқуға жіберді.

Мақпал Нұрболатқызы ізденімпаз маман ғана емес, көпбалалы ана. Дубайдан оралған соң, декреттік демалысқа шықты. Дегенмен декреттік демалыстан шығысымен, қайта білімін арттырудың жаңа мүмкіндіктерін іздеді. Іздегенге сұраған, Мақпал ханымға Лондон қаласынан 3 апталық оқу бұйырды. Оқу барысында ағылшын отбасында тұрып, Лондондық өмір салтының қыр-сырын біліп, ағылшын тілінің тарихына қанық болып қайтты. Өзін дамыту мақсатында, ағылшын тілінен біліктілігін арттыру мақсатында өзін-өзі қаржыландырып, шет елде білім алу-үлкен жетістік.

Мақпал ұстаз өзінің осынау мүмкіндіктерге ие болуына Айгүл Қанатқызы мен Ces for you оқу орталығының ықпалы зор екенін атап өтті. Айгүл Қанатқызы да бөтен емес, өзіміздің ауданның тумасы болып шықты, жақында ғана Qbis.kz Қазақ-Британ халықаралық мектебін ашқан, одан бөлек 28 арнайы оқу орталығы бар.

Айгүл Қанатқызы ағылшын тілін үйренушілер үшін арнайы “New wave” кітабын құрастырған. Авторлық кітап таныстырылымнан соң көптің көңілінен шығар болса, ауданымызда ағылшын тілін оқыту барысында жаппай қолданысқа енгізілуі мүмкін.

Жасыратыны жоқ, ауылдық аймақта ағылшын тілін меңгерудің өзіндік кедергілері болды, дегенмен бұл өткен шақтың мәселесі. Бүгінгі күні аудан оқушылары үшін ағылшын тілін меңгерудің осындай игі мүмкіндіктері пайда болуда. Сол себептен, мүмкіндік бар, тек ұмтылыс қажет.

“Балта сабынан аспайды” бұл Айгүл Қанатқызының берік ұстанымы. Мақпал ұстаз да осы ұстанымды әркез құрмет тұтады. Ұстаз болу-үнемі ізденісті талап етеді. Ұстазы жақсының шәкіртінің де игі жақсы  болары анық.  “Ұстазы жақсының ұстамы жақсы” деген емес пе?!

Ақерке БИЖАН

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Алматы облыстық мәдениет басқармасы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы аясында 100-ге жуық шара ұйымдастырды

Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғаларының бірі, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ көлемінде аталып...

Осыған ұқсас мақалалар