8.3 C
Нарынкол
Четверг, 19 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

ОТБАСЫ – АЛТЫН ДІҢГЕК

Жыл сайын 15 мамырда БҰҰ Бас Ассамблеясы 1993 жылы бекіткен Халықаралық отбасы күні атап өтіледі. Бұл күнді мерекелеу отбасылық құндылықтарды нығайтуға негізделген. Қоғамда отбасы – әрқашан рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, жанұя жылулығын сөндірмей, керегесін кең ұстап, тарих толқынымен келе жатқан киелі бақ мекен.
Жалпы «Отбасы күні» елімізде 2013 жылдан бері тойланады.
ҚР Президенті Жарлығымен бұл мереке қыркүйек айының екінші жексенбісі күні тойланатын болды. Оның мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту.

Осы мерекеге байланысты М.Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейінде 9 қыркүйек 2024 жылы Қарасаз ауылының Күміс алқалы, көп балалы, отбасылармен «Отбасы – алтын діңгек» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында көп балалы аналармен отбасындағы бала тәрбиесі туралы әңгіме сұхбат жүргізіліп, көп балалы отбасыларының балалары өз өнерлерін көрсетті. Ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқып, әндер шырқалды.

Отбасы- осынау сөздің астарында үлкен мән мағына жатыр. Отбасы әр адамның дүниеге келіп ер жеткен ыстық ұясы. Отбасы- шағын мемлекет. Отбасының тірегі әрине ол-әке, отбасының жылуы, ұйытқысы-ана, қызығымен, берекесі ол-бала.  Әр бала өз отбасында, туған үйінің, ата –анасының ыстық ықыласымен аялы алақанымен өсіп, тәлім тәрбие алады. Болашақ арман, мақсаттарына қол жеткізеді. Ал, ата-ана сол балалардың арманы мен мақсатына жетуіне ықпал жасайды.

Мереке күні әр шаңырақ шаттыққа, бақыт пен сәби күлкісіне толы болсын! Әр әулеттің мерейі үстем болып, тамыры тереңге жайыла берсін деп тілек білдіреміз!

ЖҰМАҒҰЛОВА Алмагүл,

М.Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейінің қор сақтаушысы                 

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Халықтық штаб: Талғар ауданының тұрғындары АЭС салу жобасына қолдау көрсетті

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Талғар ауданының тұрғындарымен кездесті. Шара барысында атом энергетикасының еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі...

Осыған ұқсас мақалалар