14.6 C
Нарынкол
Понедельник, 16 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

“КЕМЕҢГЕР” оқу орталығы

«Білімсіз күнің жоқ емес, білімсіз күнің — қараң». Адам баласын шыңға жетелейтін — білім, өмірдің мәнін өз мағынасында ұғындыратын — білім. Білімнің  адам өміріндегі маңызын салмақтар болсақ, білім беру жолында еңбек ететін жандар ерекше құрметке лайық. Тілге тиек етпегім, ауданымыздағы “Кемеңгер” оқу орталығы.

“Кемеңгер” оқу орталығының жұмысын бастағанына биыл 2 жыл. Оқу орталығы ғимараты Нарынқол ауылында орналасқан. Өткен оқу жылында жалпы саны 130 оқушыға білім беріп, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген. Қолжетімді бағаға сапалы білім ұсынатын білім орталығына Нарынқол ауылының  ғана емес, Жамбыл, Текес, Қызылшекара ауылдарынан оқушылар келіп, арнайы білім алады. Білім орталығы өз мақсат-міндеті аясында аудан оқушыларының қосымша білімдерін арттырып, уақытын жаңа ақпараттарды білуге арнауына ықпал етіп келеді. Игілікті оқу орталығының директоры – Рысбеков Ержан Жұматайұлы. Нарынқол ауылының тұрғыны. Дәл осы сипаттағы оқу орталығы ауданымызға ауадай қажет екені айтпаса да белгілі. Өркениеттену үшін, дамудың даңғыл жолына аяқ басу үшін, білімді ұрпақтың болуы басты қажеттілік. Ержан мырзаның басты мақсаты — ауданымыздағы оқушылардың білім сапасына өзіндік үлес қосу. Қосымша білім ешқашан артықтық еткен емес.

“Кемеңгер” білім орталығында бастауыш сынып, математика, математикалық сауаттылық, ағылшын тілі, қазақстан тарихы, орыс тілі, оқу сауаттылығы, қазақ тілі пәндері бойынша білім ала алады. Сонымен қатар, сұранысқа қарай қосымша пәндерді енгізуге мүмкіндік бар. Орталықта жаңа басталған оқу жылында 200 оқушы білім алмақ. Оқу орталығына барып, ғимаратты, оқу бөлмелерін де қарап шықтық. Заманауи жабдықталған ғимарат ішінде оқушыларға қажетті барлық жағдай жасалған. Интерактивті тақта, оқу құралдары, барлығы арнайы жабдықталған. Болашақта балалар үшін арнайы асхана жабдықтауды да жоспарлап отыр.

Орталықтың ерекшелігі — әрбір оқушының қабілетін және ерекшеліктерін зерттей отырып, жоғарғы дәрежеде білім береді. Жаңа оқу жылында 2 жастан бастап балаларға шахмат үйірмесі ашылмақ. Сонымен қатар, елімізде оқушылар үшін ерекше пайдалы qalan.kz платформасы оқушылар үшін арнайы оқыту бағдарламасымен бірге тегін оқытылады. Сабақтар 60 минуттан өтеді.

Білім ордасында сабақ беретін ұстаздар да арнайы таңдалады. Ұстаздар еңбек кодексіне сәйкес келісімшарт жасау арқылы қабылданады және білімі жоғары, еңбек өтілімі бес жылдан жоғары болуы шарт. Аталған шартқа сәйкес келіп, орталықта сапалы білім беріп жүрген ұстаздарды атай кетсек, ағылшын тілі мұғалімдері  Тұрсынжан Гүлзия және Дилдаева Зарина, бастауыш сынып ұстазы Деменбаева Құралай, математика пәні мұғалімі Қонысбаева Гүлнұр, тарих пәні мұғалімі Сағабаева Айгүл, орыс тілі пәнінің мұғалімі Советбекқызы Мөлдір. Орталық директоры Ержан Жұматайұлы арнаулы әлеуметтік топтағы балалар үшін оқу ақысына жеңілдіктер қарастырылғанын айтты, яғни, әлеуметтік осал топтағы балалар оқу орталығынан тегін білім ала алады. Сондай-ақ, бір үйден бірнеше бала білім алса, оқу ақысында айтарлықтай жеңілдіктер қарастырылған.

Өз тілшіміз

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Алматы облыстық мәдениет басқармасы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы аясында 100-ге жуық шара ұйымдастырды

Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғаларының бірі, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ көлемінде аталып...

Осыған ұқсас мақалалар