14.6 C
Нарынкол
Понедельник, 16 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

Алматы облысында Қазақстан Республикасының Конституция күні кең көлемде аталып өтті

Ата Заң мерекесіне орай өңірде 230-дан астам шара ұйымдастырылып, оларға 45 мыңға жуық адам қатысты.

Қонаев қаласындағы «Ата Заңым — айбыным» атты мерекелік іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, тұрғындарға құттықтау сөзін арнады. Шара аясында өңір дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды. Олардың ішінде белгілі актер, танымал тұлға Бекжан Тұрыс та бар. Өнер майталманына «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Мерекеге орай бұдан өзге түрлі саладағы және қоғамдық өмірдегі еңбектері үшін тағы бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табыс етілді. Жиын соңы танымал өнер жұлдыздарының патриоттық сезімге толы ән-шашуына ұласты.

Облыстың әр түкпірінде Конституция күніне арналған салтанатты жиындар, мерекелік концерттер, көрмелер, флэшмобтар, мәдени іс-шаралар мен спорттық жарыстар өтті. Сонымен қатар, тақырыптық кездесулер мен конференциялар ұйымдастырылып, онда конституциялық нормаларды іске асыруға байланысты жетістіктер талқыланды.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Алматы облыстық мәдениет басқармасы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы аясында 100-ге жуық шара ұйымдастырды

Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғаларының бірі, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ көлемінде аталып...

Осыған ұқсас мақалалар