12.7 C
Нарынкол
Понедельник, 16 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

ЕЛДІҢ ШЕТІН КҮЗЕТУ — ОРТАҚ МІНДЕТ

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің маңызды құрылымының бірі – мемлекеттік шекараны күзету қызметі. Тәуелсіздіктің басты нышанының бірі санатындағы мемлекеттік шекарамыз бүгінде толығымен сенімді түрде күзетілуде. Құрлықта және теңізде, шекаралақ өзендерде еліміздің аумақтық тұтастығын, заңдылықпен белгіленген тәртіптің қатаң сақталуын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық мекемесі – Шекара қызметі қамтамасыз етеді. Еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтірер қауіп-қатерлердің алдын алып, мемлекеттік шекарамызды көздің қарашығындай күзетіп жүрген шекарашылардың еңбегі зор.

Әрбір мемлекеттің өз Тәуелсіздігін айқындайтын Конституциясы, заңдары мен территориялық тұтастығының кепілдігі бастау алатын Мемлекеттік шекарасы бар. Егемеңдік алғалы бері шекара сызығымыз шегенделіп аумағы айқындалды. Еліміздің көптеген аймақтары, елді мекендері Мемлекеттік шекара шебіне жақын орналасқан. Соның бір мысалы, Алматы облысы, Райымбек ауданына қарайтын Сүмбе ауылдық округі және Ұзақ батыр ауылдық округінің елді мекендері (Сүмбе, Қызылшекара, Сарыбастау ауылдары) Шекара маңында орналасқан ауылдың тұрғындарын бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ел тыныштығы үшін атқаратын жалпыға бірдей істі жүйелендіру мақсатында, Мемлекеттік шекараны күзетуді бір адамдай басшылыққа алуға шақырамыз. Ел шекарасының іргесі сөгілмес үшін Сүмбе ауылдық округінің әкімі Саламат Азамат Серікұлы және Ұзақ батыр ауылдық округінің әкімі Қайратұлы Бақыткелді бастаған ұжыммен және ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып, Отан үшін жеңісте еңбек етеміз деп сенемін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі №356 қаулысымен Мемлекеттік шекарадан ені 50 метрге дейін – карантиндік жолақ, 100 метрге дейін – шекаралық белдеу,  25 шақырымға дейін – шекаралық аймақ болып бекітілген, яғни осы көрсетілген аралық ішінде кез-келген адам жеке басын куәландыратын құжатпен жүруі міндеттелетіндігін тағы бір рет ескертіп өтеміз. Сондай ақ, шекара аймағында жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген азаматтар анықталған жағдайда, Шекара қызметінің өкілі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 510-бабында көрсетілген талаптар негізінде заң алдындағы жауапкершілікке тартуға құзырлы және міндетті екендіктері жайында білгендіктері абзал. Мемлекеттік шекараны күзету тек шекарашылар ғана емес, Қазақстан Республикасының әрбір азаматының қасиетті борышы екендігін ауыл тұрғындарының барлығы жан дүниелерімен сезінеді деген сенімдеміз! Мемлекеттік шекара күзетіне атсалысу әрбір азаматтың борышы. Ол жайында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы №866 қаулысында да ескерілген.

 ЖАРМАНТАЕВ Е.К.

Сүмбе шекара бөлімінің басшысы

Алдыңғы мақала
Келесі мақала
spot_img
Соңғы жаңалықтар

Алматы облыстық мәдениет басқармасы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы аясында 100-ге жуық шара ұйымдастырды

Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғаларының бірі, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ көлемінде аталып...

Осыған ұқсас мақалалар