8.3 C
Нарынкол
Четверг, 19 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

 «ҰСТАЗДАР – ҰЛТТЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ҚУАТЫ»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Қазақстан халқына жолдауын жолдады.

Президентіміз өз жолдауының бесінші бөлімінде еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру өте маңызды екенін атап өтті. Оның ішінде, мектептердің жұмысын жақсарту шараларын қолға алу керектігін атап өтті. Қасым-Жомарт Кемелұлы жолдауында: “Ұстаздар- ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса оның бекер екені анық” деді. Осы тұрғыда ұстаздар қауымы біліктілігін үнемі арттырып отырулары қажет. “Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы”, демекші, ұстаздар біліктілігін арттыру жолында шексіз ізденіс үстінде болса, оқушының да оқу мен білімге деген құштарлығының болары сөзсіз.

Жолдауда, баланы мектепке дайындау мәселесі де өзекті мәселе есебінде көтеріліп, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ісіне мемлекетпен қатар ата-аналар да жауапты екені баса айтылды. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру саласында әр балаға бөлінетін қаражаттың отбасының нақты табысына байланысты болу керектігіне назар аудартты.

Мемлекет басшысы өз жолдауында жоғарыда аталған мәселелермен қатар, “Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет” екендігін қозғады. Бұл мәселе аясында мектептерде, жоғары оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін үйрететін білім бағдарламасын енгізу қажет.

Жалпы, кез келген қоғамның, соның ішінде біздің қоғамның да басты ұғымдарға негізделген сұраныстары- әділдік және қауіпсіздік екені белгілі.

Қасым-Жомарт Кемелұлы өз жолдауында еліміз үшін шешілуі тиіс бірқатар мәселелерді көтеріп, еліміздің жарқын болашағы үшін жасалуы тиіс жұмыстарды атап өтті. Жолдауды қолдау- қарапайым халықтың, яғни біздердің міндетіміз. Еліміздің әрбір азаматы ел дамуына өз мамандығы немесе өз қабілеттілігі арқылы үлес қосса, егемен еліміздің ертеңі жарқын болмақ!

ТАЙЖЕНБЕТОВА Бағила Бижанқызы, «Тельман Жанұзақов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Халықтық штаб: Талғар ауданының тұрғындары АЭС салу жобасына қолдау көрсетті

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Талғар ауданының тұрғындарымен кездесті. Шара барысында атом энергетикасының еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі...

Осыған ұқсас мақалалар