14.6 C
Нарынкол
Понедельник, 16 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

АУЫЛҒА КІТАП СЫЙЛАДЫ

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітап мәселесіне ерекше тоқталып өткенін жақсы білеміз. Президент өз сөзінде: «Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек» деген болатын. Осы орайда, «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» атты акция басталды.

Жоғарыда аталған акцияны қолдау мақсатында Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Райымбек ауданының Құрметті азаматы жерлесіміз, белгілі ақын Мінуар Әкімханов Сарыжаз ауылдық кітапханасына 100 кітап сыйға тартты. Ақынның өз қаламынан туған «Тұңғыш», «Шалқия», «Жырға сапар», «Жалғыз арша», «Айғайтас», «Шәлкөде», «Қош келдің қоңыр күз», «Көңілге тұнған көп сурет», «Жүрегімде жүрсің сен», «Кеусен», «Нарынқол нақыштары» атты кітаптарын кітапхана сөресіне қойылды. Сонымен қатар, өте бағалы кітаптардың бірі «Жыр маржаны» атты қазақ поэзиясының антологиясын сыйға берді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта көп адамның қолы жете бермейтін тарихи, әдеби тағы басқа сан түрлі кітаптар мен журналдар Сарыжаздық оқырмандардың қолына тиетін болды.

Кітаптан қымбат сыйлық жоқ екені айтпаса да белгілі. Ал енді ең таңдаулы деген 100 кітапты сыйға тарту сол ауылдың бүт халқына деген жақсылық екені сөзсіз. М. Әкімханов сияқты қарашада қалған қара үйге қарайласып жүрген рухани танымы мол азаматтарға алғыстан басқа не айтасың? Өскен ауылының кітап қорын толықтырып, өзі шалғайда жүрсе де сол ауылдың тұрғындары мен оқырмандарын ойынан шығармаған Мінуар ағамызға шығармашылық табыс тілейміз. Басқа да әдебиет маңайында жүрген азаматтар мен азаматшаларды осындай игі іс істеуге шақырамыз!  

Дастан ҚАСЕНҰЛЫ

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Алматы облыстық мәдениет басқармасы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы аясында 100-ге жуық шара ұйымдастырды

Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғаларының бірі, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ көлемінде аталып...

Осыған ұқсас мақалалар