12.7 C
Нарынкол
Понедельник, 16 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

 НАРЫНҚОЛДА КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕР КАФЕСІ АШЫЛДЫ

       Тәттіні жеуге әркім құмар-ақ, дәмі тіл үйірер кондитерлік өнімдерді кім ұнатпайды?! Енді аудан орталығының тәттісүйер  тұрғындары үшін арнайы “Мәриям” кондитерлік кафесі өз жұмысын бастады.

     2019 жылы “Жастар жылының” игілігімен қайтарымсыз грантқа ие болған Ардақ ханым мен Аяла ханым аталған сала бойынша арнайы сертификат алып, өз істерін 2017 жылдан-ақ бастап кеткен, тек тапсырыс түскен тәттілерді үйден пісіріп сатып, кәсіп ашуға бейімделген, енді міне, арнайы кондитерлік өнімдер кафесін ашты. Көркем әсемделген ғимарат пен дәмі тіл үйірер тәттілер көптің көңілінен шығатынына сенімім мол, әсіресе тәтті десе ішкен асын жерге қоятын жандар үшін таптырмас орын. “Мәриям” кафесі қонақтарға төмендегідей  тәттілер тізімін ұсынады:

Торттар:Вуппи пай, аппақ қыз (молочная девочка), қызыл мақпал (красный бархат), балды торт (медовый торт), орео, сникерс, шоколадты торт. 

Рулеттер:таңқурай салмасымен пістелі орама, салмасы бар безе орамы.

Бәліштер: сүзбелі бәліш, шығыс бәліші, алмалы бәліш, карамельді бәліш, сникерс бәліші және қаймақты бәліш.

    Сонымен қатар, нан және салмасымен тәтті тоқаштар бар.

    Кәсіпкерлік әлеміндегі үлкен жетістіктер кішкене қадамдардан басталатыны анық, қолынан келген істі кәсіп пен табыс көзіне айналдыру- үлкен жетістік. Аяла мен Ардақ ханымдар бастамаларына қолдау білдіріп, бір жақтарына шығып жәрдем етіп жүрген аналары – Әминә ханымға ерекше алғыстарын білдіреді. Бұл қайын сіңілісі мен жеңгесі бастаған кәсіп, қабілеттері ұштасқан қос арудың кәсіптері өрге домалап, мол табысқа кенелетініне бек сенімдіміз, себебі аталған сипаттағы кафелер мен дүкендер ауданымызда сирек кездеседі, ал тәттісүйер қауымның қарасы  қашанда қалың.

ХАНТӘҢІРІ

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Алматы облыстық мәдениет басқармасы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы аясында 100-ге жуық шара ұйымдастырды

Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғаларының бірі, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ көлемінде аталып...

Осыған ұқсас мақалалар