12.7 C
Нарынкол
Понедельник, 16 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

ЖАСЫЛ ЕЛ ЕҢБЕК ЖАСАҚШЫЛАРЫ

     “Жасыл ел” еңбек жасақшыларының кезекті маусымы басталды. Биылғы жылғы маусымда ауданымыз бойынша жалпы саны 123 адам жұмысқа жұмылдырылды. Еске сала кетсек, жасыл ел- мектеп оқушылары мен студенттерді маусымдық еңбекке жұмылдыратын ұйым. Бұл оқушылар мен студенттердің Отанға деген махаббатын, туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға ықпал ететін жоба. Сонымен қатар, жастардың уақытын тиімді өткізіп, алғашқы табыс табуларына таптырмас жұмыс. Аталған жобаның басты мақсаты- Жасыл аймақтар мен қалалар, елді-мекендердегі дендросаябақтарды құруға қатысу. Елді-мекендерге жақын маңдағы орман, бақтардың демалыс аумақтарын тазалау, суғару, әктеу, көріктендіру.

    Бүгінде «Жасыл ел» республикалық штабы жалпы мемлекеттік жастар қозғалысына айналды.

    Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, «қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму: біздің еліміз үшін бірінші кезектегі мәселе, маңызды және негізгі міндетіміз. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды» деген еді.

А.НҰРӘЛІМҚЫЗЫ

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Алматы облыстық мәдениет басқармасы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы аясында 100-ге жуық шара ұйымдастырды

Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғаларының бірі, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ көлемінде аталып...

Осыған ұқсас мақалалар