8.1 C
Нарынкол
Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

ЗАМАНАУИ АСХАНА АШЫЛДЫ

         Аудан орталығы Нарынқол ауылында тағамының дәмі тіл үйіретін тағы бір асхана ашылды. Біз айтып отырған дәмхана Нарынқолдық жас кәсіпкер Мауленбаев Мадияр Эрнестұлының бастамасымен іске асқан.

         Аудан орталығында жыл санап кәсіп түрлері көбейіп келеді. Бәсекелестік көп болған жерде қызмет көрсету сапасы да жоғары болары сөзсіз. Көпшіліктің қажеттілігін қамтамасыз ететін орталықтардың ашылуы ауданның экономикалық дамуының дәлелі десек қателеспейміз.

Қазіргі таңда ауданымызға келімді-кетімді қонақтар да аз емес. Сол меймандар аудан орталығынан өзіне қажетті кез-келген қызмет көрсету орталығын таба бермейді. Сол себепті Мадияр сынды кәсібін-нәсібіне айналдырып отырған азаматтарға кеңінен қолдау білдірген жөн.

Біз айтып отырған асхана аудандық кірістер басқармасының ғимаратына қарама-қарсы орналасқан. Адам аяғы үзілмейтін жер. Дәмханаға дәм ауыз тиуге келушілер де баршылық. Жаңа ашылған асхананың мәзірінде фаст-фуд және әртүрлі тіске  басарлар бар, тазалығы да жақсы. Аптаның жеті күні демалыссыз ертеңгі сағат оннан кешкі сағат онға дейін қонақтарға қызмет етеді.

Жас кәсіпкер Мадияр бүгінгі күні 7 адамды жұмыспен қамтып отыр. Оның айтуынша «көпшіліктің көңілінен шығу үшін бірінші кезекте тазалық сақтау басты мақсат, сонымен қатар тағамдардың дәміне көп көңіл бөлінеді, келген қонақтардың уақытын алмау үшін берілген тапсырысты барынша жылдам дайындаймыз»,-дейді.

Олай болса келіңіздер, жаңа асханадан дәм татыңыздар.

Дастан ҚАСЕНҰЛЫ            

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын тілінің білікті маманы

Ағылшын тілінің маңыздылық деңгейін бүгінгі заманның өзі айшықтап берді. Жан-жақты дамуды, әлемдік деңгейдегі қарым-қатынасты, шетелге шығуды қаласаң, ағылшын тілін...

Осыған ұқсас мақалалар