12.7 C
Нарынкол
Понедельник, 16 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

КЕЗЕКТІ XXVIII СЕССИЯ ӨТТІ

Жуырда аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың VIII шақырылымындағы кезекті XXVIII сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихаттың депутаттары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Сессияны мәслихат төрағасы Мүсірбаев Самат Сартаубайұлы жүргізіп отырды.

 Сессияның күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:

1. Аудан әкімінің өз құзіреті шегінде, аудандық мәслихат депутаттары алдында өзіне жүктелген міндеттері мен іс-жоспарының орындалуы туралы есебі. Баяндамашы: Дүйсенбаев Берік Фатықұлы – аудан әкімі.

2. Райымбек аудандық мәслихаттың «Жергілікті өзін-өзі басқару, бюджет, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, туризм, инновациялық даму, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуникация, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауылшаруашылығы және жер қатынастарын реттеу, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияның атқарған жұмыстары туралы есебі. Баяндамашы: Сыдықбаев Берік Ұйқасұлы – аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия төрағасы.

3. Райымбек ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.

4. Райымбек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 мамырдағы «Райымбек ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 23 – 127 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

5. Райымбек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 мамырдағы «Райымбек ауданы әкімдігі жанынан қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік – кеңесші орган құрамын бекіту туралы» № 23 – 128 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

6. Райымбек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 мамырдағы «Райымбек ауданындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» № 23 – 129 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

7. Райымбек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 мамырдағы «Райымбек ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» № 23 – 130 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірінші аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы баяндама жасады. Ауданда атқарылып жатқан жұмыстар, ауданның экономикалық дамуы, сондай-ақ әр сала бойынша алдағы жоспарлар туралы кеңінен айтып өтті. Аудан көлемінде кенжелеп тұрған мәселелерді де тілге тиек етіп, шешімін табу жолдарын қарастыру керек деді. Аудан әкімінің баяндамасына қанағаттанарлық деген баға берілді. 

Сессия басталғаннан біткенге дейін үзіліссіз жүргізіліп, күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралды. Әр мәселе жеке-жеке қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Дастан ҚАСЕНҰЛЫ

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Алматы облыстық мәдениет басқармасы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы аясында 100-ге жуық шара ұйымдастырды

Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғаларының бірі, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ көлемінде аталып...

Осыған ұқсас мақалалар