20.1 C
Нарынкол
Суббота, 27 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

“ЖАСТАР- НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ!”

     Жуырда ауданымызда игілікті шара өткізілді.  Алматы облысы полиция департаменті, Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы мен  Райымбек аудандық полиция бөлімі, Райымбек аудандық прокуратурасы  бірлесе отырып, 1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне орай және жастардың арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында “Жастар-нашақорлыққа қарсы!” атты сурет салу байқауын ұйымдастырды. Байқау жастар саябағында өткізілді. Шара мақсаты — жасөспірімдер мен оқушыларды нашақорлыққа қарсы тәрбиелеу және салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау. Қолдарына түрлі-түсті қарындаш алып сурет салуға белсене кіріскен оқушыларға арнайы уақыт беріліп, нәтижесінде үздік салынған суреттер арнайы марапатқа ие болды. Марапаттау рәсімі Алматы облысы полиция департаменті есірткіге қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі, Темірғалиева Алтын Есболсынқызы және Райымбек АПБ басшысының орынбасары полиция подполковнигі Демеуов Санат Жұмашұлы мен  аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі- Ақерке Кенжебекқызына тапсырылып, Баратжан Толғанай 3 орынға ие болса, Инкарбаева Шахизада 2 орынды қанжығасына байлады. Ал қатарынан оза шауып, 1 орынға ие болған Сайлаубай Айнидин ерекше құрмет пен арнайы сыйлықтарға ие болды. Орын алмаған оқушылар да арнайы алғыс хаттармен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.

    Жастар арасында мұндай науқандардың жиі өткізіліп тұруы-құптарлық дүние. Себебі-нашақорлық бүгінгі заманның ғасыр дертіне айналған кесел.

Бүгінде Қазақстанда ресми дерек бойынша, есірткі тұтынушы ретінде тіркелген 48 000 адам есепте тұр. Алайда, ресми емес дерек көздері бойынша олардың саны 350 000-нан астам. Сондай-ақ есірткіге тәуелділердің 27%-ін 12-16 жастағылар құраса, 42%-інен астамы 17-26 жас арасындағылар, яғни, жастар.

Қазіргі таңда аса ірі көлемде есірткі контробандасы үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; оқу орындарында және кәмелетке толмағандардың есірткіні сатқаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; ұйымдасқан кәмелетке толмағандарды екі немесе одан да көп адамдарды, сондай-ақ күш көрсетумен есірткіні пайдалануға тартқаны үшін 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға, есірткіні пайдалануға тартып, соның негізінде адам өліміне әкеліп соққаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша іске асырылады.

Қазақстан — демократиялық-құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Оның қазынасы — адам және адам өмірі. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім мен әл-ауқатын жақсарту үлкен міндеттердің бірі ретінде көрсетілген.

Ақерке БИЖАН

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық...

Осыған ұқсас мақалалар