2.3 C
Нарынкол
Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

Жүз мың турист келеді

Астанадағы V Бүкіләлемдік көшпенділер ойынына 100 мың турист келеді деп есептеліп отыр. Бұл – ойынға қатысатын сайыскерлерді қоспағандағы адам саны.

Ел астанасы Қазақстанның аймақтары мен әлем мемлекеттерінен ойынды тамашалауға келетін осынша жиһанкез бен спортшы туралы V Бүкіләлемдік көшпенділер ойынын дайындау мен өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев хабардар етті. Ол:

– V Бүкіләлемдік көшпенділер ойыны – қызықты жоба, оған шетелдіктер де қызығушылық танытып отыр. Қазақстандағы турларды ұйымдастырумен айналысатын англиялық компания барлық билеттің сатылып кеткенін хабарлады. Соған қарап есептей келгенде, біз Қазақстан мен әлем елдерінен 100 мыңға жуық турист келеді деп күтіп отырмыз, – деп түсіндірді.

Еліміздегі ұлттық спорт түрлері бойынша әлемдегі үлкен жарыстардың бірі Астана қаласында қыркүйектің 8-14 күндері аралығында өтеді. Әлемнің 100-ден астам елінен 3 мыңнан астам спортшы келеді деп күтілуде.

Бұдан бұрын V Бүкіләлемдік көшпенділер ойынының жүлде қоры 253 миллион теңгені құрайтыны хабарланған болатын әрі әрбір спорт түрі бойынша жүлде жеке тағайындалмақ. Командалық спорт түрлеріне келсек, бұл, ең алдымен, көкпар мен көк бөрі. Бұл бойынша жеңімпаз команда – 10 миллион, екінші орыннан көрінгендер – 6 миллион, ал қола жүлдегер 4 миллион теңгені қанжығасына байламақ.

Бейбіт Мекеев

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын тілінің білікті маманы

Ағылшын тілінің маңыздылық деңгейін бүгінгі заманның өзі айшықтап берді. Жан-жақты дамуды, әлемдік деңгейдегі қарым-қатынасты, шетелге шығуды қаласаң, ағылшын тілін...

Осыған ұқсас мақалалар