2.3 C
Нарынкол
Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

БАЛА ТӘРБИЕСІ-БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ

Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын  білуі шарт. Сыйластық, түсіністік  үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы-бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды берілген тәрбие сенімді және негізді.

«Мәдениетті ана-мәдениетті ұрпақ» жобасы ҚХА жанындағы аналар кеңесінің көтеруімен дайындалған жоба. Бұл жобаның басты мақсаты — отбасы құндылықтарын өскелең ұрпақтың бойына таратып, ұлттық дәстүрді қадірлеуге, сақтауға шақыру болып саналады. Қазіргі таңда ұлдың да қыздың да тәрбиесі маңызды. Қызды болсаң оны ардақты ана боласың деп тәрбиеле, ұлды болсаң ертең абыз ақсақал боласың деп тәрбиеле. ҚХА жанынан құрылған аналар кеңесі 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Ол ассамблеяның негізгі  құрылымдарының бірі болып табылады. Бүгінде аналар кеңесі отбасындағы күрмеулі  қиын мәселелер балалар мен аналарға  қатысты өзекті мәселелерді шешуге  атсалысып жүр. Қоғамдық ұйымның кейбір мәселелерде әлеуеті жетпей қалуы мүмкін. Біз бірлесе атқарғанды алдымызға қойған ең ұлы мақсат-ұлтымызды мәдениетті етіп тәрбиелеу. Халқымыз ұлт болашағын анамен байланыстырған. Баланы жастайынан өз елінің тарихын білуге, салт-дәстүрді қадірлеуге, бойына ұлт намысын сіңіруде ананың рөлі ерекше. Сондықтан да ана мен бала әлеуметін көтеру үшін, денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекет жылда жаңа шаралар қабылдап жатады. Белсенді аналардан құралған ұйымның жаңа  бастамасында мемлекеттің ұстанымына дәл келетін болашақта өз жемісін беретін жобаның бірі.

     “ Мәдениетті ана-мәдениетті ұрпақ”  республикалық жобасы 4 бағыттан тұрады: 1 “Еліне азамат  тәрбиелеген отбасы” .

    2 “ Бақытты ана-бақытты отбасы”.

    3 “Тұғырлы отбасы –бақытты болашақтың бастауы”.

    4 “Жақсылыққа жетелейтін тағдыр”.

     Бағыттар бойынша әр округте жанды жұмыстар үйлесімін табуда. Былтырғы жылы Талдықорғанда өткен “Рухтың күші әкеде” байқауында Сарыбастау ауылының тұрғыны көп балалы әке Қазақстан Республикасының ел бірлігін нығайтуға отбасы құндылықтарын насихаттауға қосқан елеулі үлесі үшін Бақытжан Кемелбайұлы “Асыл әке” төсбелгісімен марапатталды. ”Ортақ шаңырақ” жобасы бойынша “Үздік отбасы” байқауында Қайнар ауылдық округінің тұрғыны Жансерік Мышанұлы ауданнан бас жүлде, облыстан оза шауып бағалы сыйлықтарға ие болды. Биылғы жылғы жоба аясында әр округтерде дөңгелек үстел диспут, сұрақ жауап, ақыл-кеңес айдары тренингтер өтті. Атап айтқанда Сүмбе ауылындыа “қыз еркем-ісімен көркем” Т.Жанұзақов мектебінде “Ана- ұлт тәрбиесі”. О.Жандосовта “Еліне азамат тәрбиелеген отбасы”. Б.Соқпақбаевта “Арыңды сақта бойжеткен”. Қайнарда “Қыз ұлттың ұяты-халықтың шырайы”. Қарасазда “Ана — ұлттың тірегі, отбасының ұйытқысы” тақырыбында ауыл аналарымен шаралар өткізіліп жалғасын табуда. Атақты ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби: :“Адамға ең бірінші білім емес тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қaс жауы, ол келешекке оның өміріне қауіп әкеледі” деген екен. Ендеше келешек ұрпаққа тәлімді тәрбие беру әркімнің өз тәрбиелік ісінен басталатынын қоғамымыз ұмытпаса екен деймін.  

Балжан ОМАРОВА,

аудандық аналар кеңесінің төрайымы

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын тілінің білікті маманы

Ағылшын тілінің маңыздылық деңгейін бүгінгі заманның өзі айшықтап берді. Жан-жақты дамуды, әлемдік деңгейдегі қарым-қатынасты, шетелге шығуды қаласаң, ағылшын тілін...

Осыған ұқсас мақалалар