3 C
Нарынкол
Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

Абай облысында ұлттық спорт түрлерінен 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Республикалық турнир өтті

Абай облысының, Ақсуат ауданыңда ұлттық спорт түрлерінен «Алтын бесік — Ақсуат» спорт жəне өнер фестивалі өтті.

5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұлттық спорт түрлерінің бірі қазақ күресінен өгіз жəне түйе балуандар арасында “Асыл Арлан” атты Республикалық турнир өтті.

17 облыстан 56 спортшы бақ сынасты. Өгіз балуан бойынша 32 балуан бақ сынасып Абай облысының спортшысы Тұқышев Дидар топ жарса, 2-орын Жетісу облысының спортшысы Алтынбек Рауан иеленді. Қола жүлде Жамбыл облысының спортшысы Сүлеймен Ернұр жəне АОСК құрамы Нұрмаханұлы Ибрагимге бұйырды.

Түйе балуан бойынша 24 спортшы бақ сынап Абай облысының балуандары Қажыбаев Ерасыл түйе балуан атанып, Нуралинов Даурен 2- ші орын иеленді. Қола жүлде Түркістан облысының балуаны Шамшидинов Қайсар жəне Маңғыстау облысының балуаны Жарылғапов Нұрдаулетке бұйырды.

«Алтын бесік – Ақсуат» спорт жəне өнер фестивалінің аясында өтіп жатқан бəйге түрлері көпшіліктің делебесін қоздырып, шашасына шаң жуытпаған не бір сəйгүліктиердің атын шығаруда.

Əсіресе, 135 шақырымдық Ұлы аламанға көпшіліктің ықыласы ерекше болды. Нəтижесінде Маңғыстау облысынан үкіленіп келген «Көкжебе» атты жүйрік мəреге бірінші келді. Ат иесі Ербол Ермағанбетов. Екінші болып Алматы облысы Кеңсай ауылынан ат иесі Маейемеров Ержанның «Кеңсай» атты сəйгүлігі келді. Үздік үштікті Жетісу облысынан келген «Қаһарман» атты бəйге түйіндеді, иесі Шамиль Қадыров.

Ұлы аламанға жалпы саны 80 ат қатысты.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі — ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі — Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын тілінің білікті маманы

Ағылшын тілінің маңыздылық деңгейін бүгінгі заманның өзі айшықтап берді. Жан-жақты дамуды, әлемдік деңгейдегі қарым-қатынасты, шетелге шығуды қаласаң, ағылшын тілін...

Осыған ұқсас мақалалар