30.3 C
Нарынкол
Суббота, 27 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

         Жуырда ауданымызда «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы өтті. Қоғамдық қабылдау алдымен Қақпақ ауылында болды. Мобильді қоғамдық қабылдау тобында  Қақпақ ауылдық мәдеиет үйінде «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің басшысы Байборинов Ілия Ғалымжанұлы, «AMANAT» партиясы Алматы облыстық мәслихат депутаты Алиев Нұрбол Мәжитұлы, «AMANAT» партиясы Райымбек аудандық филиалының төрағасы Арипова Гүлнара Рауанқызы, «AMANAT» партиясы Райымбек аудандық мәслихатының депутаты Себдайыров Марат Манапұлы, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Себдайыров Бауыржан Маратұлы, аудандық құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Көлбаев Айдын Бақбергенұлы, аудан әкімінің бас инспекторы Ахмет Сабиғат Сұлтанғазыұлы, аудандық жер бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Иембергенов Рыскелді Мышанұлы қатысты. Ауылдық округтің халқы қоғамдық қабылдауға белсенді қатысты. Қабылдау барысында жер, тұрғын үй, ауылдық округтегі ескірген почта ғимараты сынды тағы басқа көптеген мәселелер көтерілді.

         Мобильді қоғамдық қабылдау аудан орталығы Нарынқол ауылында жалғасын тапты. Нарынқол ауылында қоғамдық қабылдау тобына AMANAT» партиясы Райымбек аудандық мәслихатының депутаттары Жүнісов Бекжан Орынбасарұлы мен Ғабиден Данияр Дүйсеннұрұлы қосылды. Аудан орталығының тұрғындары да көптен шешімін таппай келе жатқан мәселелерді ортаға салды. Тиісті маман иелерінен көкейде жүрген сұрақтарының жауабын сұрады.

         Тұрғындар тарапынан қабылдау барысында көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

Өз тілшіміз  

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық...

Осыған ұқсас мақалалар