2.3 C
Нарынкол
Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

АЛИМЕНТ ҚАРЫЗ ЕМЕС, ПАРЫЗ!

Аудандық соттың  төрағасы Мырзалы Айжан Амандыққызымен сұхбат

  • Қайырлы күн, Айжан Амандыққызы! Өзіңізбен тағы бір маңызды мәселе аясында сұхбаттасу бұйырыпты. Бүгінде өз жауапкершілігінен жалтарып, алимент төлеуден қашатын азаматтар көп кездеседі. Алименттің сан түрлі түрі бар, дегенмен біздің әңгімеге арқау болатыны — ата-ананың балаға төленетін алименті жайлы.
  • Осы тұрғыда ауданымыз бойынша алимент үшін соттасу үрдістері қаншалықты жиі тіркеледі?
  • Қайырлы күн, Ақерке! Иә, алимент ұғымы өз алдына біршама маңызды мағынаға ие мәселе. Аталған мәселе тұрғысында азаматтық істер жиі қозғалатыны да рас. Біздің Райымбек аудандық соты жалпы юрисдикциялық сот болғандықтан, осы тұрғыда  міндетті түрде азаматтық істер қаралады, оның ішінде алимент. Соттағы статистикалық көрсеткішке келер болсақ, алимент өндіру мәселесі бойынша  2023 жылы- 21 алимент бойынша сот актісі, ал 2024 жылы- 8 сот актісі шыққан.
  • Көп жағдайда алимент төлемейтін әкелерді естіп жатамыз, сіздің іс-тәжірибеңізде алимент төлеуші аналар кездесе ме?
  • Өмірде неше түрлі жағдайлар орын алып тұрады ғой, сол секілді мұндай жағдайлар да кездеседі, өкінішке орай. Менің іс-тәжірибемде мұндай сипаттағы оқиға да  орын алған. Аналық құқығынан айырылған анадан бұрыңғы жолдасына үш қыз баласын асырау мақсатында алимент өндірген жағдай орын алған. Дегенмен, ер адамдардың әйел адамдардан алимент өндіруі негізінен сирек кездеседі. Менің 10 жылдық судьялық тәжірибемде бір-ақ рет орын алған.
  • Балаға екі тараптың бірінің алимент талап ете алуы үшін ата-ананың некеде немесе ажырасқан болуы қаншалықты маңызды?
  • Алимент талап етілуі үшін ата-ананың ажырасқан немесе некеде тұруы міндетті емес, ерлі-зайыптылар заңды некеде тұрып та алимент талап ете алады. Баланы асырау – ата-анасының заңмен бекітілген міндеті, сол себептен, бұл жерде ата-анасының некеде болуы, азаматтық некеде немесе ажырасқан болуы да мүлде маңызды емес.
  • Алименттен жалтарудың қандай зардаптары бар?
  • Алименттен жалтару- өз кезегінде заңға қайшы әрекет болып табылады. Мұндай жағдайда әкімшілік құқықбұзушылықтар әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатады. Бұл факті біздің ауданда жиі кездеседі.
  • Сот арқылы алимент өндіріп алу сипатын айта кетсеңіз?
  • Егер екі тарап алимент төлеу мәселесінде келісімге келе алмаса, алимент төлеуші тарап, төлеуден бас тартса, онда сотқа арыз арқылы жүгініп, мәжбүрлі түрде төлем жасатуға құқылы.   Бұл үшін алимент талап етуші тарап өкілі сотқа келу арқылы арнайы үлгі ізімен арызын жазады, немесе онлайн қосымшалар арқылы жеке ЭЦҚ кілтімен  “Сот кабинеті” арқылы арыз жолдай алады.
  • Еліміздегі балаларға төленетін алимент мөлшерін оқырмандарға таныстыра кетсек
  •  Егер, тараптар арасында алименттерді төлеу тәртібі және мөлшері туралы келісім құрастырылса, онда іс жүзінде төлем келісуге сай келуі керек, ал арнайы келісім болмаса, онда ҚР-ның Неке және отбасы туралы кодексінің 139 бабының 1-тармағына сәйкес сот  кәмелеттік жасқа толмаған балаларға олардың  ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға – ата-анасы табысының және өзгеде кірісінің- төрттен бір бөлігін, екі балаға – үштен бір бөлігін, үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады.  
  • Алиметтік міндеттемелердің тоқтатылу жағдайлары?
  • Егер бала кәмелет жасқа толса тоқтатылады. Бірақ, кәмелет жасқа толған бала әрі қарай күндізгі оқу бөлімі жоғарғы оқу орнына не арнайы кәсіптік оқуға түссе, өз атынан әкесіне ол 21 жасқа толғанша алимент өндіртуді сұрап, сотқа арыз бере алады.
  • Сұхбатты пайдалана отырып, алиментті төлеуден жалтаратын әкелерге айтарым, “жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады”. Сондықтан балаларыңызды “Жат” қылмаңыздар. Алимент бұл балаға төленетін қаражат, бұрыңғы әйеліңізге емес! Көп жағдайда ер азаматтар бұрыңғы әйелдерімен ерегісіп жатады, соның салдарынан бейкүнә бала зардап шегеді. Бұл жағдайда әйелдер қауымына да айтарым бар. Ажырасқаннан кейін балаларыңызды қару етіп бұрыңғы жолдастарыңызға қарсы қолданудан аулақ болыңыздар. Ашу, ыза, өкпе-реніш жақсылық әкелмейді. Тағдырыңызға ажырасу бұйырса, оны қабылдап, әрі қарай ортада қалған балаларыңыздың бақытына көңіл бөліңіздер. Ерегес, қырсықтық- ешкімге пайда әкелген емес, сол себепті, сана-сезімдеріңізді дұрыс жаққа бағыттап, ортада қалған балалардың зардап шекпеуіне екі жақтан ат салысыңыздар.
  • Сұхбат үшін, маңызды ақпараттар үшін үлкен рахмет, Айжан Амандыққызы!

Сұхбаттасқан:Ақерке НҰРӘЛІМҚЫЗЫ

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын тілінің білікті маманы

Ағылшын тілінің маңыздылық деңгейін бүгінгі заманның өзі айшықтап берді. Жан-жақты дамуды, әлемдік деңгейдегі қарым-қатынасты, шетелге шығуды қаласаң, ағылшын тілін...

Осыған ұқсас мақалалар