3 C
Нарынкол
Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

«QAZYQ» ДЕМАЛЫС ОРНЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

      Сүйінші, ауданымызда тағы бір демалыс орны ашылды. Жуырда ғана арнайы ашылу салтанаты болып өткен «Qazyq» демалыс орны қонақтарды қабылдауға әзір.

         2024 жылдың 20 шілдесінде  Қақпақ ауылдық округіне қарасты Қарабатыр шатқалында «Qazyq» тау ішіндегі демалыс орнының ашылу салтанаты болды.   Демалыс орнының ашылу салтанатына арнайы аудан әкімінің орынбасары Сатылғанов Самат Нақысбекұлы  барып қатысып, жаңа нысанның лентасын қиды.  Сонымен қатар, ашылу салтанатына ауыл тұрғындары мен ауыл ақсақалдары барып  қатысты.  «Qazyq» тау ішіндегі демалыс орнында қонақтардың жайлы демалысына барлық жағдайлар қарастырылған, қонақ күту залы, заманауи қазақ үй Хан Шатыр, 15 адамға дейін жатын үйлер, монша және тамақ дайындайтын қазан-ошақ бөлек орналасқан.  Демалыс орнында 7-8 адам жұмыс істейді. Негізін қалаушы- Қайырхан Айдос мырза.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын тілінің білікті маманы

Ағылшын тілінің маңыздылық деңгейін бүгінгі заманның өзі айшықтап берді. Жан-жақты дамуды, әлемдік деңгейдегі қарым-қатынасты, шетелге шығуды қаласаң, ағылшын тілін...

Осыған ұқсас мақалалар