12.1 C
Нарынкол
Воскресенье, 19 мая, 2024
No menu items!
Маңызды

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ОЙЫН МЕКЕМЕЛЕРІНЕ БАРУҒА ТЫЙЫМ САЛУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТІЛДІ

Ағымдағы жылдың қараша айында Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және әскери қызметшілерге ойын мекемелеріне баруға тыйым салатын тиісті Жарлыққа қол қойды.
Алматы облысының мемлекеттік қызметшілерін өзгерістермен таныстыру мақсатында облыстың МҚІА департаменті облыстың барлық мемлекеттік органдарының әдеп жөніндегі уәкілдерінің, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында департамент басшысы Арсен Жакупов мемлекеттік қызметшілердің әдебін қамтамасыз етуде әдеп жөніндегі уәкілдер маңызды роль атқаратынын баса айтты.
Сондай-ақ, Арсен Жакупов қызметтік автокөлікті мақсатсыз пайдалану және жұмыс уақыты режимін сақтау мәселелері Департаменттің ғана емес, жұртшылық өкілдерінің де қатаң бақылауында екенін айтты.
Департамент жұртшылықпен бірлесіп, жұмыс уақытын есепке алу мониторингі барысында білім басқармаларының, цифрлық технологиялардың және басқа да бірқатар мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің үстеме жұмыс фактілерін анықтады.
Кездесу қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдер өз ұжымдарында осындай іс-шараларды өткізуді және Әдеп кодексіндегі күшіне енген өзгерістерді әрбір мемлекеттік қызметшіге жеткізу тапсырылды.
Әдеп жөніндегі уәкілдер мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларын бұзушылықтардың алдын алуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

  • — қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты жағдайларды қоспағанда.
spot_img
Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 25 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 6...

Осыған ұқсас мақалалар