8.1 C
Нарынкол
Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

Райымбек ауданының прокуроры МЫРЗАБЕКОВ Әлібек Хажымұханұлының 25 қазан – Республика күнімен құттықтауы

25 қазан – Республика күні ретінде қайта бекітіліп, президент тиісті заңға қол қойғалы биыл екінші жыл.

Бұл күн Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еліміздің ұлттық мерекесі қатарына қайта қосылды. Қазіргі шақта Жаңа, Әділетті Қазақстанды құрудың маңызды қадамдары жасалуда. Еліміздің құрылымдық жүйесінде, саяси-экономикалық бағытында жаңғыртулар қолға алынды. Халық жаңа қоғам қалыптастыруға деген бастамаларға қолдау білдірді. Демократиялық үрдістерді орнықтыруға, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бұл өзгерістердің еліміз үшін де маңызы зор болмақ.

Құрметті қауым! Осынау Республика күнінде бастау алған азаттықтың ақ жолын сақтау, ауызбіршіліктіт сақтап еліміздің жандануына үлес қосу әрбіріміздің міндетіміз болмақ. Республика күні мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ дарып, ырыс ұяласын! Елімізге тыныштық, халқымызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс, игілікті ғұмыр тілеймін!

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын тілінің білікті маманы

Ағылшын тілінің маңыздылық деңгейін бүгінгі заманның өзі айшықтап берді. Жан-жақты дамуды, әлемдік деңгейдегі қарым-қатынасты, шетелге шығуды қаласаң, ағылшын тілін...

Осыған ұқсас мақалалар