12.3 C
Нарынкол
Воскресенье, 19 мая, 2024
No menu items!
Маңызды

Райымбек ауданының әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлының 25 қазан – Республика күнімен құттықтауы!

Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек»,-деген болатын. Сонымен қатар, Президентіміз «Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек»,-деп баса айтты. Осы орайда 25 қазан – Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде аталып өтілетін болды.

Қадірлі аудан тұрғындары! Сіздерді еліміздің әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – ата — бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін.

Еліміздің мәртебесі биіктеп, абыройы әлемге шарықтай берсін демекпін. Баршаларыңыздың отбасыларыңызға береке, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық тілеймін!

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 25 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 6...

Осыған ұқсас мақалалар