12.3 C
Нарынкол
Воскресенье, 19 мая, 2024
No menu items!
Маңызды

Мереке құтты болсын!

Биыл 25 қазанда Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде екінші рет аталып өтеді. 25 қазан ұлттық мереке — Республика күні ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке Тәуелсіздік күні болып белгіленді.

Республика күні 25 қазанда Қазақстан халқының достығын, жеткен жетістігін, ұлттық стратегиялық мүддесін мейлінше насихаттап, патриоттық, бүгінгі Қазақстан патриоттығын айқындайтын факторлар әлемге танылуы тиіс. Тәуелсіздік декларациясын жарияладық. Конституциямызды қабылдадық, ұлттың стратегиялық мүдделерімізді анықтадық.

Бұл күні тәуелсіздіктің күні болуы тиіс нақтырақ айтқанда 25 қазан тәуелсіз республика декларациясы қабылданған мейрам күні болу керек. Республика күні-саяси мейрам. Бұл күнді атап өту ете маңызды.

Қазақ халқы сан рет небір нәубетті басынан кешірді. Ел үшін жер үшін жанын пида еткен батыр бабаларымыз ел мен жерді сақтап қалды. Рухы мықты ел болғандықтан, қиын-қыстау заманнан осы күнге жеттік. Сондықтан, қазақ халқы үшін Тәуелсіздік   қастерлі ұғым. Азаттыққа қол жеткізген күн біз үшін әрдайым қымбат. Кеңес заманында өмірге келіп, тәуелсіздік жылдарында есейген халқымыз үшін 25 қазан сол үшін де құнды. Қазақстан бүгінде өзге елдермен терезесі теңесіп, шекарасы анықталып, өзіндік туы мен әнұраны бар жеке дара ел болып әлем партиясынан орын алды. Бұл ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған азаттық таңы.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 25 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 6...

Осыған ұқсас мақалалар