8.6 C
Нарынкол
Среда, 1 ноября, 2023
No menu items!

Райымбек аудандық сотының төрағасы Мырзалы Айжан Амандыққызының 25 қазан – Республика күнімен құттықтауы

Маңызды

1990 жылдың 25 қазанынан бастап егеменді Қазақстан еңсесі биік, терезесі тең жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Араға біраз жылдар салып аталған саяси мереке қайта тойлана бастады.

Республика күні, 25 қазанда Қазақстанның халқының достығы, төзімділігі, жеткен жетістігі, ұлттық стратегиялық мүддесі мейлінше насихатталып, патриоттық, бүгінгі Қазақстан патриоттығын айқындайтын факторлар әлемге паш етілуі тиіс деп ойлаймын.

Мемлекет басшысының «Біз үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі  бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде  Қазақстанымыз бізден басқа  ешкімге керек емес. Сондықтан, маған  елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан  ешбір құндылық жоқ», — деген сөзі әрқайсымыздың жадымызда жатталып тұр.

Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні барлықтарыңызға игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Еліміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамалар сәтті болсын дегім келеді. Мереке құтты болсын!

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы университеттің спорт және мәдениет кешені ашылды

25 қазан - Республика күні. Осыған байланысты бүгін Қарасай ауданындағы Сулеймен Демирель атындағы университеттің спорт және мәдениет кешені қолданысқа...

Осыған ұқсас мақалалар