20.1 C
Нарынкол
Суббота, 27 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

ӘЛМЕРЕК БАБА

   Қазақтың тарихын жазған Ресей тарихшылары өздеріне қажетті және қолайлы жайларды жазып, көптеген тарихи жағдайларды жасырып келген. Оның мысалы «Куликов шайқасы» мен «28 Панфиловшы батырлар» жайлы жазғандары. Сондай құпиялардың бірі Әлмерек батыр жайлы айтылмауы.  Әлмерек абыз әрі батыр шамамен 1658 жылы Алматы қаласындағы «Әлмерек тоған» бұрынғы (Гагарин ауылы) деген жерде дүниеге келген. (Бір деректерде Тараз қаласының маңайында деп көрсеткен). Азан шақырып қойған аты- әль Мүбарак (алғыс алған деген ұғым береді). Кейін айтуға ыңғайлы болған соң Әлмерек аталып кеткен. Әлмеректің шығу тегі:  Бәйдібек-Жарықшақ-Албан-Сары-Сүйменді-Бозым-Жаншық-одан Әлмерек.   Әлмеректің әкесі Жаншық Уайыс ханның тұсында Ташкент қаласының басшысы болған. Сонымен қатар кейін Моғолстанның ханы Есенбұғаның Бас уәзірі болыт істеген. Аталары Сүйменді Тәуекел мен Есім ханның тұсында әскер басшысы болған. 1643 жылғы Орбұлақ шайқасында 600 әскерімен жоңғардың 50 мың әскеріне қарсы тұрып жеңіп шыққан. Сүймендінің осы ерлігіне орай Салқам Жәңгір оған Таубұзар деп ат қойған. Салқам Жәңгір қайтыс болған соң қазақтың басында ауыр жағдай болды. Сүйменді-Таубұзар батыр осы ауыр жылдарда өмір сүрген. Жоңғарлар ХV-ХVI ғасырларда бас көтеріп, қазақ жеріне жиі шабуыл жасап, Оңтүстік Қазақстан жерін өздеріне қосып алу саясатын жүргізді. Жасынан өз елі мен жерін ерекше қадірлейтін Әлмерек 16 жасында Албан елінен жасақ құрып, жоңғарларға қарсы партизандық соғыс жүргізіп отырған. 1680 жылы қазақтың құрылтай жиналысы болғанда -Келешекте біз қазақ болып тұрамыз ба? деген сұрақ тұрады. Осы кезде сөз алған Сүйіндік би:- Елім-жұртым бізге не болды? Бізді қай кезде жаулар басынып еді, енді жоңғарға ұлымызды  құл, қызымызды  күң етіп өткіземіз бе? Бізде ел қорғайтын, қолына қару ұстайтын еркек туылмады ма? — дейді. Сол кезде жасы жиырмадан жаңа асқан Әлмерек : -Ер азамат деген біз, жастары 18- бен 30 дың арасындағы азаматтарды қасымызға қосып жаудың басын алып, кек қайтаратын кез келді-деген. Осы жиында бірі бәтуаға келіп, жасақ құруды қолға алған. Құрылған жасақты басқаруды жас Әлмерекке тапсырған. Бұл ұсынысты сол кездегі Албанның Төлес пен Сырымбет батырлары да қолдаған. Әлмерек жаңа  жиналған жасақтарын Текес өзені  бойында екі жылдай соғыс өнеріне дайындап. 1683 жылы  Әлмерек 6 мың әскерімен  жоңғарлар басып алған Қара дала жеріне соғысуға келген. Оларға қарсы он мың жасағымен жоңғар Ғалден Бошақының серігі Шонжы батыры келген. Осы соғыстағы  жекпе-жек ұрыста Әлмерек Шонжының басын алып, батыр атанған. Әлмеректің осы жеңісі  қазақ жерін жоңғарлардан босатудың бастамасы болған. Сол жылдары Тәуке хан қазақ батырлары мен би-сұлтандарын жинап үлкен жиын өткізген.  Жиынға Төле би, Әйтеке би және Қазыбек билер де қатысқан. Осы жиында «Жеті жарғы» қабылданып, оған Әлмерек батырда қатысқан. Әлмерек батыр отау құратын жылы оған Қарасай батырдың ұрпағы Дәулет би қызы Зәурені тұрмысқа берген.  

Жоңғарларды жеңіп аты шыққан Әлмеректі жоңғар қонтайшысы оны ұстап басын әкелуді батырларына тапсырған. 1690 жылы осы тапсырманы орындауға жоңғардың Алғабасы батырын жіберген. Әлмерек жоңғардың батыры Алғабастың да басын шауып, жеңіске жеткен. 1726 жылы Әлмерек батыр Ордабасыда өткен қазақтың құрылтайына қатысып, Албан жасағын басқаруды Жәнібек пен Райымбекке тапсырған. Әлмерек абыз Райымбекке:                                                                                           Ал, балам, жауға барып кел, 

Жайрата найза салып кел.

Жоңғарға кеткен ел кегін,

Келістіре отырып алып бер

Аллалап жауға шауып кел,

Еліңнің кегін алап кел!

Әумин! Алаху Абар! -деп бата берген.

  Әлмерек абыз баба батырлығымен бірге жаратылысынан бойына сіңген қасиетін пайдаланып әскерлерге емшілік жасау, халықтық емшілік, имандық, мұсылманша бала оқыту кәсіптерімен де шұғылданған. Күші басым дұшпанды көз байлау қасиеті арқылы жепе-жекте сөзсіз жеңіп отырған. Бейбіт заманда билік айтып, ел басқарған. Қазақ балаларын мұсылманша оқытып, Жетісу жеріне ислам дінін таратуға еңбек сіңірген. Қазақ-Жоңғар  соғысының басынан аяғына дейін қатысқан Әлмерек батыр әрі абыз 1754 жылы дүниеден өткен. Сүйегі  Алматы қаласының шығыс жағындағы Іле ауданыны Покровка ауылының жанында қойылған. Басына көгілдір күмбез тұрғызылған. Әлмерек абыз бабамыздың ұрпақтары қазір Алматы облысында тұрады.Ол кісден 12 ұрпақ тараған. 12 рулы ел Құрман деген Әлмеректің бір баласының атымен аталады. Әлмерек абыз ұрпағы Құрмандар Албанның ішіндегі ең көп тараған руға жатады. 1916 жылғы Албандар көтерілісінің басшысы болған Ұзақ батыр тікелей Әлмерек абыз ұрпағы. Кезінде Дінмұхамед  Ахметұлы  Қонаев абыздың басына барып құран бағыштап тұрған. Қазір Әлмерек абыздың басына отау құрған жастар және ел ағалары үнемі барып құран бағыштауда. Әлмерек абыздың «Ошақтың үш аяғындай үш жүз бірге болса, қазақты ешбір жау ала алмайды» -деген ұлағатты сөзі әлі күшін жойған емес.

Беркін  ӘКЕБАЕВ,

Райымбек ауданының құрметті азаматы

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық...

Осыған ұқсас мақалалар