-8.7 C
Нарынкол
Пятница, 1 марта, 2024
No menu items!
Маңызды

РАЙЫМБЕК АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ VIII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫНДА

  VIII сайланған Райымбек аудандық мәслихатының төрағасы лауазымына аудандық мәслихат депутаттарының бірауыздан қолдауымен Мүсірбаев Самат Сартаубайұлы сайланды.

МҮСІРБАЕВ САМАТ САРТАУБАЙҰЛЫ

   1981  жылы  9 тамызда  Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Сарыжаз  ауылында  туған, білімі – жоғары.

       1998 Сарыжаз орта мектебін бітірген.

  1998  жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің «Агрономия» мамандығы бойынша оқуға қабылданып, аталмыш жоғарғы оқу орнын 2003 жылы «Агрономия» мамандығының «агрохимик-топырақтанушы» мамандығы бойынша бітірген.

   2010 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін  «тарих» мамандығы бойынша бітірген.

   Еңбек жолын 2003 жылы № 8 кәсіптік мектепке оқу шаруашылығына жұмыскер болып бастап, 2003-2004 оқу жылынан бастап «Алғашқы әскери дайындық» пәні мұғалімі, 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап психолог, 2011 жылдың 12 мамырынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2014  жылдың қазан  айынан директордың орынбасары, 2019 жылдан бастап «Алматы облыстық білім басқармасы мемлекеттік мекемесі Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжінің» директоры болып осы уақытқа дейін қызмет атқарды.

    2010 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің Алғыс хатымен, аудан, облыс көлемінде түрлі мақтау  қағаздарымен марапатталған.

   VI, VII,VIII  – сайланған Райымбек аудандық  мәслихатының  депутаты. Отбасылы.

Соңғы жаңалықтар

Поэзия патшалығында

ҒАЛЫМ  ЖАЙЛЫБАЙДЫҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  КЕШІ  ӨТТІ   Ақиық ақын елінде, Қасиетті Қарасаз жеріндегі жылдағы дәстүр бойынша өткізілетін “Поэзия патшалығында” атты әдеби...

Осыған ұқсас мақалалар