7.6 C
Нарынкол
Суббота, 27 апреля, 2024
No menu items!
Маңызды

ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ

     Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің жиыны өтті. Бас қосуға аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Сағатбекұлы, ауылдық округ әкімдері, ауыл имамдары, мектеп директорлары қатысты. Бұл жиын Қоғамдық кеңестің 2023 жылғы ақпан айындағы жұмыс жоспарына сәйкес семинар ретінде өткізілді. Жиынға қатысушылар емін-еркін пікір алмасып, көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, оған тұшымды жауап алып, өздерінің ұсыныстарын айтты.

Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралады:

  1. Нарынқол ауылындағы Б.Соқпақбаев атындағы мектеп-гимназиясының ата-аналар комитетінің жұмысы туралы.
  2. Ақсақалдар алқасының төрағасының, Аналар кеңесінің төрайымының 2022 жылғы атқарған жұмыстары туралы.
  3. Жергілікті Қоғамдастықтың 2022 жылғы атқарылған жұмыстары туралы.
  4. Райымбек ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің төрт жобасын қоғамдық кеңесте талқылау.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Б.Соқпақбаев атындағы мектеп-гимназиясының ата-аналар комитетінің төрайымы Рақышева Ардақтың баяндамасы тыңдалды. Баяндамашыға ата-аналар комитетінің жалпы құқығы жайлы, бала тәрбиесіндегі рөлі жайлы сұрақтар қойылып жауаптар алынды.

Екінші мәселе бойынша Нарынқол ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы Ахметов Қанат және Қайнар ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымы Мекебаева Советхан апайлар 2022 жылғы атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады.

Үшінші мәселе бойынша Қаратоған ауылының Жергілікті Қоғамдастықтың төрағасы Тәжиев Талғат 2022 жылғы атқарылған жұмыстарын таныстырып өтті.

Осы тұста қасиетті рамазан айының алғашқы күндері болғандықтан мінбеге ауданның бас имамы Манап Исабол көтеріліп діни тәрбие жайлы сөз қозғады. Сонымен қатар, Сарыбастау ауылының имамы Бұқарбеков Азамат сөз тізгінін алып жастардың дінге деген көзқарасы және рамазан айының қасиеттері туралы мәнді әңгіме өрбітті.

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Себдайыров Бауыржан хабарлама жасады.

Аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Сағатбекұлы жиынды қорытып өз ойын ортаға салды.

Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әділжан Нөкеев тиісті шешімдер қабылдап, жиынды жабық деп жариялады.

«ХАНТӘҢІРІ».

Соңғы жаңалықтар

БОЛМЫСЫ БӨЛЕК, ҚАҒЫСЫ ЕРЕК – НҰРАҒА

1 сәуір – қазақ музыкасының сайыпқыраны, әйгілі күйші-композитор, дирижер, домбырашы халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туған күні. Осы орайда, қазақ...

Осыған ұқсас мақалалар