18.8 C
Нарынкол
Вторник, 25 июня, 2024
No menu items!
Маңызды

РАЙЫМБЕК АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ VIІІ ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ І СЕССИЯСЫ

     Райымбек аудандық мәслихатының VIІІ шақырылымының І сессиясы өтті. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бексұлтанов Айдынның төрағалығымен өткен сессияға Райымбек ауданының әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы, мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы және де бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Райымбек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 112-бабының 1 тармағына және 46-бабының 3 тармағына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихатына сайланған 11 депутатты тіркеп, аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы депутаттарға куәліктері мен төс белгілерін табыстады.

    Сессияның күн тәртібінде мына мәселелер қаралды: 1. VIІI сайланған Райымбек аудандық мәслихатының төрағасын сайлау туралы. 2. VIІI сайланған Райымбек аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және құрамдарын сайлау туралы. 3. «AMANAT»  партиясының VIII сайланған Райымбек аудандық мәслихат депутаттарының депутаттық фракциясын тіркеу туралы.

      Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Райымбек аудандық мәслихатының шешімімен VIІI сайланған Райымбек аудандық мәслихатының төрағасы болып 9 сайлау округі бойынша депутат Мүсірбаев Самат Сартаубайұлы сайланды.

      Екінші мәселе бойынша Райымбек аудандық мәслихатының шешімі бойынша 1. Райымбек аудандық мәслихатының сан құрамы жағынан екі  тұрақты комиссиясы құрылды. 2. Райымбек аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының тізбесі мына төмендегідей болып белгіленді: 1.  Жергілікті өзін-өзі басқару, бюджет, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, туризм, инновациялық даму, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуникация, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауылшаруашылығы және  жер қатынастарын реттеу, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі; 2. Әлеуметтік-мәдени даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі.

      Жоғарыда аталған бірінші тұрақты  комиссиясының сан құрамы 5 депутаттан тұрады. Комиссия төрағасы: Сыдықбаев Берік Ұйқасұлы. Комиссия мүшелері: Жүнісов Бекжан Орынбасарұлы, Мырқасымов Ғалымжан Мұхтарұлы, Садығожа Айгүл Тоқтарәліқызы, Себдайр Марат Манапұлы.

  Екінші тұрақты комиссия құрамы: Комиссия төрағасы: Арипова Гулнара Рауанқызы. Комиссия мүшелері: Ақылов Талғат Жұмақанұлы, Жарылқасын Самат, Ғабиден Данияр Дүйсенұрұлы, Нұрғожаев Жанат Мұхтарұлы.

    Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Райымбек аудандық мәслихатының шешімі бойынша «AMANAT» партиясының  VIII сайланған Райымбек аудандық мәслихат депутаттарының депутаттық фракциясы қосымшаға сәйкес тіркелді. «AMANAT» партиясының атынан тіркелген VIII сайланған Райымбек аудандық мәслихат депутаттарының депутаттық фракциясының құрамы төмендегідей.

   Депутаттық фракция жетекшісі: Ақылов Талғат Жұмақанұлы. Депутаттық фракция мүшелері: Жарылқасын Самат, Арипова Гулнара Рауанқызы, Ғабиден Данияр Дүйсенұрұлы, Мырқасымов Ғалымжан Мұхтарұлы, Нұрғожаев Жанат Мұхтарұлы, Садығожа Айгүл Тоқтарәліқызы, Себдайр Марат Манапұлы, Сыдықбаев Берік Ұйқасұлы.

     Күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Дастан ҚАСЕНҰЛЫ.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

ҮЗДІК НӘТИЖЕ

    Мектеп бітіруші түлектер 11 жылдық алған білімдерінің нәтижесін ұлттық бірыңғай тестілеу арқылы көрсетеді. Маңызды тестілеу сынағы талапкерлердің жоғарғы...

Осыған ұқсас мақалалар