ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру, қалалардың көшелерін тазарту, елді мекендерді таза ұстау бойынша тапсырмасына орай жалғасын тауып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алған болатын.
Осыған орай «Таза бейсенбі» акциясы Шоғансай туристік демалыс орнында ұйымдастырылып, АMANAT партиясының қызметкерлері, белсенділері, мәслихат депутаттары мен Жастар Рухының мүшелері белсене атсалысты.
Жалпы акция аясында жол жиегінен, демалыс орнынан 1 тоннаға жуық қоқыс жинады.
«Ауданымыздың әр демалыс орны ортақ болған соң, оны таза ұстау да барлығымыздың ортақ міндетіміз»,- деді партия төрағасы Арипова Гулнара Рауанқызы.
Игі іске біріккен партияластар аталған шараны тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.