13.7 C
Нарынкол
Пятница, 20 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

Азық-түлік өнеркәсібі мамандары АЭС салудың маңызын талқылады

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб «АзияАгроФуд» АҚ жұмысшыларымен кездесті.

Кездесудің басты мақсаты – Қазақстанның атом энергетикасын дамыту мәселесін талқылау және АЭС құрылысының елдің энергетикалық қауіпсіздігіне тигізетін әсерін түсіндіру. Жиында атом энергетикасының экономикалық артықшылықтары, жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндіктері және болашақтағы тұрақты энергия көзі туралы кеңінен сөз қозғалды.

Халықтық штаб мүшесі Евгений Ермаков елдің атом энергетикасын дамытуға дайын екенін нақты деректермен дәлелдеп берді.

«Қазақстан атом энергетикасын дамытуға қажетті ғылыми және инженерлік базасы бар елдердің қатарында. Біздің елде Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталық пен Алматыдағы Ядролық физика институты сияқты ірі ғылыми мекемелер жұмыс істейді. Олардың базасында бірегей жабдықтар, зерттеу реакторлары мен мамандандырылған орталықтар орналасқан. Осы ұйымдар арқылы біз АЭС салуға дайындықты ғылыми тұрғыда қамтамасыз ете аламыз», – деді ол.

Сондай-ақ Евгений Ермаков кадр даярлау мәселесіне ерекше тоқталып өтті. Оның айтуынша, елдегі жетекші жоғары оқу орындары ядролық салаға кадрлар даярлау ісіне белсенді атсалысып жатыр. Мәселен, Шәкәрім атындағы университет, Назарбаев университеті және басқа да жоғары оқу орындары Ұлттық ядролық орталықпен бірлесе отырып, болашақ мамандарды даярлауда.

Кездесуге қатысқан «АзияАгроФуд» АҚ маркетинг бөлімінің директоры Екатерина Халикова да өз ойын білдіріп, АЭС салу елдің энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізудің ең тиімді жолы екенін атап өтті.

«Қазақстанның болашақ энергетикалық тәуелсіздігі атом энергетикасымен тікелей байланысты. Біз әлемде уран қоры бойынша екінші орындамыз және оның өндірісін жетекші ел ретінде қолға алып отырмыз. Енді тек АЭС салу арқылы біз электр энергиясы тапшылығын шешуге және экономиканы тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге қадам жасай аламыз», – деді ол.

Жиындағылар АЭС салу қажеттілігі туралы өз пікірлерін білдіріп, жобаның ел дамуына қосатын үлесі туралы өз ойларын ортаға салды.

Айта кетейік, Халықтық штаб осындай кездесулер арқылы қоғамды АЭС жобасы туралы ақпараттандыруды және алдағы референдумда ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақыруды жалғастыруда.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мектептердегі балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

Білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – өзекті мәселе. Алматы облысының білім басқармасы бұл бағытта маңызды шараларды қолға...

Осыған ұқсас мақалалар