💪 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында облысымыздың атынан қатысатын Алматы облысының өкілдері Астанаға ерекше құрметпен аттанды! 🎉
✨ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шығарып салу рәсімі — облыс орталығы Қонаев қаласына кіре берістегі «Барыс» монументінің жанында өтті. Өкілдер құрамында батыр мен елшілер, жаттықтырушылар, спортшылар, спорт ардагерлері, БАҚ өкілдері бар.
🏆 Алматы облысының елшілері және көкпардан облыс жаттықтырушысы Батыр Мәтжан Мейіржан Мәтжанұлы жарыстың басты символы – «Көлсай көлдерінен» алынған киелі су құйылған торсық ыдысымен Астана қаласына жол тартты.
🔥 Алматы облысынан 12 спортшы өнер көрсетеді: бәйге спорт түрінен 9 шабандоз, көкпардан 3 спортшы💪
🗓 Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астана қаласында қыркүйектің 8-і мен 13-і аралығында өтеді.
🌟 Спортшыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз! 🏆