14.6 C
Нарынкол
Понедельник, 16 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

Жалпыға бірдей декларациялау. Жеке тұлғалардың банкроттығы

Бүгінгі күні жалпыға бірдей декларциялауды жүзеге асыру — мемлекеттік кірістер басқармасының негізгі міндеттерінің бірі. Осы орайда, аудандық кірістер басқармасы басшысы Манкибаев     Ахмет Таубайұлымен сұхбаттастық.     

— Қайырлы күн, Ахмет Таубайұлы! Сұхбатымыздың алғашқы сауалына кезек берсек, жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеттері қандай?

— Декларациялау өз алдына бірқатар маңызды міндеттерді қамтиды. Атап айтсақ, еліміздің әлеуметтік саясатын жетілдіру және әділ салық салуды қамтамасыз ету. Сонымен қатар, декларациялау бүгінгі күні жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігіне айналып отыр. Сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету де декларацияның негізгі міндеттері қатарына кіреді.

— Жалпыға бірдей декларациялау туралы арнайы заң қашан күшіне енді?

— 2021 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау енгізілді, ол 4 кезеңде өтуде.

— Декларациялау кезеңдерін сипаттап берсеңіз?

— 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда төрт кезеңнен тұратын жалпыға бірдей декларациялау енгізілді. Бұл кезеңде мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары тапсырады. “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және “сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы”, “сақтандыру қызметі туралы”, “Бағалы қағаздар нарығы туралы” ҚР заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген тұлғалар тапсыруға тиіс.

Екіншісі-2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап. Бұл декларациялауға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің жұмыскерлері және олардың жұбайлары.

Үшіншісі-2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап. Оған сәйкес, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары тапсырады.

Төртінші-2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап. Оған сәйкес декларациялауға халықтың қалған санаттары жатады. Жалпыға бірдей декларациялауға кіру кезінде жеке тұлғалар декларацияның өзінен және оған алты қосымшадан тұратын жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы Декларацияны (“кіру” декларациясын 250.00-нысан) ұсынуы қажет. Содан кейін “кіріс” декларациясын тапсырғаннан кейін, келесі жылдан бастап жыл сайын кірістер мен мүлік туралы Декларацияны (270.00-нысан) ұсыну бойынша міндеттеме пайда болады.

—  Декларацияны тапсыру жолы мен мерзімі?

— Декларацияны 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет. Декларацияны «Салық төлеуші кабинеті», «Электрондық үкімет» веб-порталдары, «e-salyqАzamat», Halyk, Bank CenterCredit мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Сондай-ақ азаматтар декларацияны қағаз нұсқада пошта арқылы немесе өздері барып ұсынуға құқылы.

— Декларацияда қате көрсетілген мәліметтерді түзеу мүмкін бе?

— Әрине, мүмкін. Азаматтар кез келген қате немесе анық емес көрсетілген мәліметтерді Салық кодексінде көзделген талап қою мерзімі шегінде қосымша декларация беру арқылы дербес жоюға құқылы. Азаматтар кез келген қате немесе анық емес көрсетілген мәліметтерді Салық кодексінде көзделген талап қою мерзімі шегінде қосымша декларация беру арқылы дербес жоюға құқылы.

— Декларацияны уақытылы тапсырмаған тұлғаларға қандай шаралар қолданылады?

— Декларация ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Алдымен ескерту беріледі, ал екінші рет салық салушылар декларация ұсынбағаны үшін 15АЕК, бұдан басқа, салық салу обьектілерін жасыру кезінде төленбеген салықтар сомасының екі жүз пайызы мөлшерінде және егер мұндай бұзушылық қайталанса, үш жүз пайыз мөлшерінде айыппұл көзделген.

—  Жеке тұлғалардың банкроттығы да  бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Жалпы жеке тұлғалардың банкроттығы дегеніміз не?

— Жеке тұлғалардың банкроттығы- кредиттер мен микроқарыздарды төлеу міндеттемелерін орындауда қиындыққа тап болған азаматтар үшін кредиторлар алдындағы борышын реттеудің Заңмен белгіленген тәсілі. Банкроттыққа соттан тыс мобильді қосымшалар арқылы немесе сот арқылы да өтініш беруге болады.

— Соттан тыс банкроттыққа өтініш беруде қандай шарттар орындалуы тиіс?

— Соттан тыс банкроттыққа өтінім беру үшін Қарыз алушының жалпы берешегі 1600 АЕК-тен (5 млн 520 мың теңге) аспауы керек. Сондай-ақ, келесі шарттар орындалуы тиіс. 12 ай ішінде қарыздар бойынша өтем жасалмаған болуы керек;  борышкерге қатысты берешекті өндіріп алу рәсімі мерзімі өткен берешек туындаған сәттен бастап 18 айдан аспайтын мерзімде жүргізілген болуы тиіс; өтінім берілген уақытқа дейін «банкроттық» қарыз алушыға 7 жыл ішінде қолданылмаған болуы тиіс. Егер берешек 5 жыл не одан да көп уақыт бойы өтелмеген болса, ол соттан тыс банкроттыққа өтінім бере алады. Бұл ретте жоғарыда аталған шарттар оған қолданылмайды. Егер қарыз алушы 6 ай кезеңде Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушы болып табылса, онда ол кешіктірілген мерзім есебінсіз банкроттықты қолдануға өтінім беріп, Өтінім қолданылғаннан кейін «Банкрот» мәртебесін ала алады.

— Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі қалай жүзеге асырылады?

— Бұл рәсім түрі тұрақты табысы бар, бірақ кредит төлеуді 5 жылға дейінгі мерзімге кейінге қалдыруды қажет ететін азаматтар үшін қолайлы. Қарыз алушыға қойылатын басты шарт — құны берешек сомасынан асатын мүліктің болуы. Рәсімнің бұл түрі қарыз алушыға «банкрот» мәртебесі берілмейтіндігімен ерекшеленеді және сонымен қатар қарыз алушыға ондай мәртебенің шетелге шығуға тыйым салу секілді салдары қолданылмайды

— “Банкрот” мәртебесін алудың салдарлары қандай?

Банкрот деп танылған тұлғаларға 5 жыл мерзімге қарыздар мен кредиттер алуға тыйым салынады және банкроттықты қайта қолдану тек 7 жылдан кейін қайта мүмкін болады. Сонымен қатар 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық жағдайын тексеру жұмыстары жүргізіледі.  Өтінім алимент бойынша берешектерге, қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сот арқылы өндіріп алу жағдайларына қолданылмайды.

—  Сұхбатыңыз үшін рахмет, жұмысыңызға табыс тілеймін!

Сұхбаттасқан: Ақерке БИЖАН

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Алматы облыстық мәдениет басқармасы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы аясында 100-ге жуық шара ұйымдастырды

Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғаларының бірі, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ көлемінде аталып...

Осыған ұқсас мақалалар