3 C
Нарынкол
Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР СПАРТАКИАДАДА БАҚ СЫНАДЫ

       Жуырда, 2020-2025 жылдарға арналған дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында  Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері арасында 26 спартакиадасы өтті. Спартакиада Алматы облысы Қарасай ауданы “Үшқоңыр” спорт кешенінде өтті. Спорттық жарыста Аудан әкімдігі, аудан әкімдігі аппаратының мамандары, аудандық мемлекеттік мекеме басшылары, мамандары, ауылдық округ әкімдері, мамандары бақ сынады. Жарыс нәтижесінде 10 аудан ішінде жүлделі 3 орынды иеленіп, ауданымыздың мәртебесін асқақтатты. Жарыста мерейі үстем болып арнайы жүлделі орындарға ие болған бірқатар жеңімпаздарды атап өтсек, күрестен Ермахан Темірхан және Айбек Мекен,  Әуелхан Әбілқайыр, гір көтеруден Нұрдос Ілияс пен Бауыржан Ерболұлы, шахматтан Айдана Шораева арнайы марапатқа ие болды.

  Спорттық доданың негізгі мақсаттарының бірі- Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлері арасында бұқаралық спорттық іс-шараларды көптеп ұйымдастыру арқылы достық қарым-қатынасты нығайту.

Өз тілшіміз

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын тілінің білікті маманы

Ағылшын тілінің маңыздылық деңгейін бүгінгі заманның өзі айшықтап берді. Жан-жақты дамуды, әлемдік деңгейдегі қарым-қатынасты, шетелге шығуды қаласаң, ағылшын тілін...

Осыған ұқсас мақалалар