13.4 C
Нарынкол
Воскресенье, 21 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

АУДАН НАМЫСЫН ҚОРҒАДЫ

Жуырда Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облысының дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы және Алматы облысының «спорт ардагерлер» ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы облысының «спорт ардагерлері» ұйымы қоғамдық бірлестігінің ашылуы мен Халықаралық Олимпиада күні мерекесіне орай ардагер спортшылар арасында футбол, волейбол, шахмат және тоғызқұмалақтан облыстық ашық біріншілік өтті. Аталған жарыстың басты мақсаты ардагерлер спортын дамыту және насихаттау, үздік спортшыларды анықтау, салауатты өмір салтын ұстануды қолдау болып табылады.

Ардагер спортшылар арасындағы облыстық біріншілікке ауданның намысын қорғау үшін жерлес спортшыларымыз да барып қайтты. Туған жердің намысы сынға түскенде додадан бас тартпаған барша ауданымыздың ардагер спортшыларына мың алғыс!

Соның ішінде шахматтан Иемберді Тастанов аудан атынан сынға түсті.          

         Жарыс қортындысы бойынша ауданымыздың атынан барған волейбол командасы облыстық біріншілікте жүлделі 3-орынды жеңіп алды. Команда құрамында болған ардагер спортшылар Беков Бақыт, Оспаналиев Бақытжан, Құныпияев Жанболат, Қонаев Қуат, Укешов Талғат, Сәрсенбаев Марлен, Сәрсенбаев Талғат, Иманбаев Талғат, Смабаев Марғұлан, Әуелхан Аят сынды азаматтарға жеңіс құтты болсын демекпіз.Футболдан жарысқа шыққан аудан құрамасы жақсы ойын өрнегін көрсетіп 4-орынға тұрақтады. Алдағы уақытта да ауданның атын жақсы жағынан шығарып, аудан халқының алғысын арқалай беріңіздер! Жеңісті күнде жолығайық!

«ХАНТӘҢІРІ»

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы «JASYL EL» жастар еңбек жасағыныңХХ жұмыс маусымының ашылу салтанатының БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

Алматы облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының XX маусымы ашылды.Еліміз бойынша «Жасыл ел» бағдарламасы 2005 жылдан бері жүзеге асып...

Осыған ұқсас мақалалар