3 C
Нарынкол
Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

ЖАҢАЛЫҚ ЖАРШЫЛАРЫ, МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН!

     Журналистика-ақпараттың алтын діңгегі, қоғамдық сананың негізгі ықпал етуші күші. Журналист — төртінші билік өкілі, жаңалық жаршылары! Журналистика — ізденіс пен шексіз білімді қажет ететін мамандық.

   Қазіргі заман-ақпарат заманы. Тынымсыз ақпарат алмасу уақыты. Осыған орай, журналистика саласының өз кезегінде маңызды сипат алып, айтарлықтай дәреже биігіне көтерілген шағы. Журналист- тек ақпаратты тасушы немесе кейбір келте ойлылар үшін “өсекші” емес. Журналист- идеология қалыптастырушы, билік пен халық арасын жалғаушы алтын көпір.

    Ауданымыздағы “төртінші билік” өкілдері саналатын журналистердің қасиетті қара шаңырағы- “Хантәңірі” газеті. 88 жылдық тарихы бар қоғамдық-саяси газет өз міндетін мейлінше мүлтіксіз орындап, аудан халқын ақпаратпен сусындату жолында екпінді еңбек етіп келеді. Халықты ақпаратпен қамтып қана қоймай, ауданның идеология саласына өзіндік ықпалын тигізіп жүрген газет қызметкерлерінің еңбегі өлшеусіз.

    Бүгінгі күні аудандық газет ұжымы шағын. Жалпы саны 5 адам жұмыс атқаратын газет аптасына 1 рет шығады. “Жас келсе іске”, демекші, кілең жастар жұмыс атқарып жатқан редакцияда жаңа серпін, жаңа леп. Жастардың жасампаз идеялары нәтижесінде газет бетінде жаңа айдарлар жарық көріп, газеттің жаңа форматы  қалыптасып келе жатыр.

    Ұшқыр қаламды журналистер салған сара жолды жалғастырып,  редакция директоры Ізтелеу Перизат бастаған жастардан құралған позитивті ұжым шағын құраммен де жан-жақты ақпарат тарату үрдісін жүзеге асыруда. 

     Редакция директоры- Ізтелеу Перизат Нұрланқызы, 1993 жылы 28 ақпанда Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында дүниеге келген.  Хантәңірі газетіндегі еңбек жолын 2018 жылы бастап, 2022 жылы  редакция директоры болып тағайындалып, бүгінге дейін басшылық  қызметте.  Басшы ретінде ұжым мүшелерімен оң қарым-қатынас орната білген басшының ұжымның ұйытқысына айналып отырғаны-жұмыстың ілгерілеуінің басты кепілдігі.        

     Газеттің бас редакторы- Дастан Қасенұлы.

    Дастан Қасенұлы 1993 жылы 12 наурызда Алматы облысы Райымбек ауданы  Нарынқол ауылында дүниеге келген. Хантәңірі газетіндегі еңбек жолын 2018 жылдан бастаған. 2022 жылдан бастап, газеттің бас редакторы қызметінде. Бүгінгі күні газеттің бар қыр-сырынан хабардар бірден-бір білікті жан.

      Газеттің дизайн жұмыстарымен айналысып, беттерді көркемдеуші, газеттің электронды нұсқасының веб-редакторы, дизайнер — Айгүл Тағаева.

    Айгүл Тағаева 1989 жылы 8 қазанда Алматы облысы  Райымбек ауданы Нарынқол ауылында өмірге келген. Редакциядағы еңбек жолын 2019 жылдың желтоқсан айынан  бастаған. Айгүл Бақытқызы  веб-редактор ретінде арнайы заманауи бағдарламаларды меңгеру арқылы газеттің көркемдік сипатына жауапты, өз ісінің шебері десек артықтық етпесі анық.

    Өз мамандығына ерекше сүйіспеншілікпен қарайтын тағы бір маман, журналист — Ақерке Бижан. Жас журналистің шығармашылық жолындағы алғашқы қадамдары қасиетті де тағылымды тарихты «Хантәңірі» газетінен бастау алуда. Ақерке Бижан 2002 жылы 30 маусымда Алматы облысы
Райымбек ауданы Қаратоған ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Хантәңірі газетінде журналист болып бастады.

Журналистика саласындағы ұжымның ерекше атап өтерлік жетістіктерінің бірі — Директор Ізтелеу Перизат бастаған  ұжым мүшелері, бас редактор — Дастан Қасенұлы және веб-редактор — Айгүл Тағаева мен журналист — Ақерке Бижан Қазақстан Журналистер Одағының мүшелері қатарында.

    Ұжымның кезекті мүшесі — “жастар тәжірибесі” бағдарламасы аясында жұмыс атқарып жүрген – Рамазан Индира. Индира 2005 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында дүниеге келген. Асқан ұқыптылық әрі зор жауапкершілік сынды қасиеттерімен көзге түскен, болашағынан зор үміт күттіретін жас маман.

   Түсіне білген адамға, журналистика — аса маңызды әрі жоғары құрметке лайық мамандық.  Көзі ашық, көкірегі ояу, ой-санасы биік тұлғалар үшін, “газеттің сөзі ертегі” емес, ерігіп те жазылмаған.

    Құрметті әріптестер, төл мереке құтты болсын, тарихы ғасырлармен астасқан «Хантәңірі»  газетінің ғұмыры ұзақ та баянды болғай, ол үшін өз уақытымызда газет болашағына елеулі үлес қосып, қаламдарымыз ұштала берсін. Ақпарат саласында жетістіктер төрінен көріне берейік!

Ақерке БИЖАН  

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын тілінің білікті маманы

Ағылшын тілінің маңыздылық деңгейін бүгінгі заманның өзі айшықтап берді. Жан-жақты дамуды, әлемдік деңгейдегі қарым-қатынасты, шетелге шығуды қаласаң, ағылшын тілін...

Осыған ұқсас мақалалар