13.4 C
Нарынкол
Воскресенье, 21 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

«ХАНТӘҢІРІ» ГАЗЕТІ — АУДАН АЙНАСЫ

Әрбір санаулы сағаттарды асқан жауапкершілікке жұмсай білу журналистердің мінсіз міндетіне бағаланады. Әлмисақтан қалыптасқан қағиданы, алдыңғы аға газеттерден бастап, облыстық, аудандық баспасөздер де бір ізбен, бір жолмен бүгінге дейін ұсынып келеді. Осы үрдісті үзбей алып жүрген аудандық «Хантәңірі» газетінің тарихы тереңде.  

Газет алғашында «Советтік Шекара» деген атаумен 1936 жылдың 1 қыркүйегінен бастап шыға бастады. Газеттің атын «Хантәңірі» атына өзгерту жайлы баспасөзде 1991 жылы жазыла бастады. Сонымен, «Советтік шекара» газетінің соңғы 13 (5643) нөмері 29 ақпанда шығарылып, өз жұмысын тоқтатқан. Жаңа «Хантәңірінің» алғашқы нөмері кезекті сан ретімен № 14- болып 1992 жылы  наурыздың 4 күні  жарыққа шыққан. «Хантәңірі» болып аталғаннан кейін газет өз жұмысын  жалғастыра берді. Газеттің атауын «Хантәңірі» деп өзгертуге мұрындық болған сол кездегі газет редакторы Әлнұр Мейірбеков еді. Ұлы Отан соғысының ардагері Ә. Мейірбеков 36 жыл табан аудармай аталған газетте жұмыс істеп еңбек демалысына шыққан.  Газеттің абырой-беделінің артуына еңбегі сіңген бірден-бір азамат. Әлекеңнен тәрбие алған сол кездегі жас журналистер қауымы осы күнге дейін өздерін Әлекеңнің шекпенінен шыққан шәкірттеріміз деп санайды.   

       Биылғы жылы ЮНЕСКО көлемінде 100 жылдығы тойланып отырған классик жазушы Бердібек Соқпақбаевтың тырнақалды туындылары осы газетте жарияланып, шығармашылықтағы тұсауы да осы газетте кесілген. Қазіргі таңда әлем халқы мойындап отырған ақиық ақын Мұқағали Мақатаев та «Хантәңірі» газетінің тас түлегі. Жазушы –драматург Баққожа Мұқай, Дәулет Желдікбаев, ерке ақын Еркін Ібітановтарды тәрбиелеген ұстахана да осы қасиетті шаңырақ.

Алдыңғы дөңгелек қайда бұрылса артқы дөңгелек солай жүреді демекші, бертін келе Жанболат Аупбаев, Мұса Жанәділов, Мұқатай Жылқайдаров, Айдаралиев Төлек,  Рысбек Сәрсенбаев, Батық Мәжитұлы, Жолымбет Кейкелов, Айтақын Әбдіқалов, Мінуар Әкімханов, Әбітай Әденов, Рысбек Сүгірбеков, Алдаберген Жандаралов, Иемберген Тастанов, Қанат Тәкебаев, Қанат Біржансал, Дүйсен Досымбаев  сияқты азаматтар да бүгінгі күні республика көлемінде кеңінен танымал. Алды тоқсан жасқа келсе де газетпен әлі тығыз байланыста. Жол түскенде қасиетті қара шаңырақ деп кие тұтып бас сұғып шығады. Газеттің белді журналистері, шындықты ашып батыл түрде жаза білген Әбітай Әденов пен Рысбек Тұрдақынұлы Сүгірбековтың орны бөлек.

Жоғарыда аталған азаматтардың барлығы да қаламы қарымды журналистер. Шығармашылықтары өз алдына бір төбе. Жарық көрген кітаптары оқырман назарына ілініп, халықтың жүрегіне жол таба білген. Арқалаған атақ-даңқтарын айтып тауысу мүмкін емес. Ең бастысы, ел алдында еңсесі биік тұлғалар.

Кейіннен «Хантәңірі» газетінде Ғани Бейқұтбай, Жұмабек  Тұрдиев, Айнаш Әлдибек, Айбек Ережеп, Құралбек Сәбит, Серікжан Мурасилов, Елдос Ахметжандар табысты еңбек етті. Аталған газет редакциясынан қанатын қатайтқан журналистер бүгінгі күні әр жерде абыройлы қызмет атқаруда.

Дастан ҚАСЕНҰЛЫ

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы «JASYL EL» жастар еңбек жасағыныңХХ жұмыс маусымының ашылу салтанатының БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

Алматы облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының XX маусымы ашылды.Еліміз бойынша «Жасыл ел» бағдарламасы 2005 жылдан бері жүзеге асып...

Осыған ұқсас мақалалар