20.1 C
Нарынкол
Суббота, 27 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

Алматы облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Тұғырлы туым» атты жарқын патриоттық салтанатты іс-шарасы өтті

Әнұран орындалып, мемлекеттік тудың салтанатты түрде көтерілуінен бастау алған салтанатты іс-шарада   облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, ерекше сезімде барша Қазақстандықтар мен облыс жұртшылығын құттықтады: — «Қазақстан Республикасының рәміздері біздің тарихымызды, мәдениетімізді және ұлттық қадір-қасиетімізді еске салады. Мемлекеттік рәміздерімізде бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтатын құдіретті күш бар.  Олар әрқашан жаңа жетістіктерге жету жолында бізге шабыт беріп, күш-қуатымыздың қайнар көзі болып қала береді».

Шара аясында «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің орындауында «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық ән шырқалып, жиналғандарды тебірентті және Отанға деген мақтаныш сезімін оятты.

30 байкерден тұратын мотоциклшілер шеруі ерекше қызығушылық тудыра отырып, Іле ауданынан Қонаев қаласының орталық алаңына дейін, ел бірлігі мен күш-қуатын білдіретін Мемлекеттік туды желбіретіп жеткізді. 

Іс-шара Қонаев қаласының кіреберісінен орталық алаңға дейінгі ретро көліктердің салтанатты шеруімен аяқталды. Қонаев қаласындағы ретро көлік салонының жетекшісі және меценат Мұрат Сіргебаевта шерудің ішінде болды.

Облыс бойынша 300-ден астам іс-шара өткізіліп, 23 000-нан астам қатысушы жиналды.  Әр ауданда ту көтеріліп, Әнұран шырқалған салтанатты іс-шаралар өткізілді. Түскі сағат 12:00-де 10 мыңнан астам облыс тұрғындары бірауыздан Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқап, елжандылық рухты оятты.

Салтанатты жиында өңір басшысы:

«Ардақты ағайын!

Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке әрбір азаматтың жүрегіндегі Отансүйгіштік сезімін күшейтеді.

Ту, Елтаңба және Әнұран –  мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, басты символдар.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Ал, Әнұранымыз – еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді», – деп, ұлттық нышандардың маңыздылығына ерекше тоқталған болатын.

Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған рәміздерімізді қастерлеу, оларға құрметпен қарау –әрбір қазақстандықтың қасиетті парызы.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін!

Өңіріміз өркендеп, еліміз гүлдене берсін!» — деп аяқтады.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық...

Осыған ұқсас мақалалар