30.3 C
Нарынкол
Суббота, 27 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІҢ ТІРЕГІ

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Гимн Қазақстанның дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші, әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, сонымен қатар халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

1992 жылдың 4 маусымы Қазақстанның рәміздері бекітілген күн болып тарихта қалды. 2007 жылғы 4 маусымда Қазақстанның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қол қойып бекіткен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңы мемлекеттік рәміздерімізді пайдалану тәртібін нақты белгілеп берді. Мемлекетіміздің Елтаңбасы қазақ тіліне аударғанда, ол «таңба», «белгі», тіпті «мұра» деген мағына береді. Бұл термин ежелгі түркі қағанаты (551-630 жылдар) кезінен қолданыла бастаған. Қазақстанның қазіргі таңдағы елтаңбасы үлкен еңбектің арқасында, екі сәулеткер Жандарбек Мәлібек пен Шот-Аман Уәлихановтың шығармашылық ізденістерінің нәтижесінде дүниеге келді.

Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет еліміздің маңызды конституциялық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» былай делінген: «Елімізде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары жеке тұлға ретінде Қазақстан Республикасының Туын, Елтаңбасын, Гимнын міндетті түрде құрметтеуі керек. Осы Жарлыққа сәйкес азаматтардың оны құрметтеуі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін әлемге әйгілеу және насихаттау шаралар жиынтығы негізінде тұрақты түрде жүзеге асырсын делінген.

«Ұлттық рәміздеріміз ұлттың бірегейлігі мен ұлылығын көрсетеді. Ту, Елтаңба және Гимн сынды ұлттың айшықты таңбаларының қабылдануы – дүниежүзінде Қазақстан дейтін мемлекет бар екендігінің көрінісі. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу, қасиетін білу, оны жүрекке тоқу – отансүйгіштіктің белгісі.

Мемлекеттік рәміздер еліміздің көпшілік азаматтарын отансүйгіштікке тәрбиелеуде ерекше маңызға ие. Осы мақсатта қазіргі таңда еліміздің рәміздерінің мәні мен мағынасын және олардың қолданылуын, сондай-ақ мемлекеттің қалыптасуын түсіндіру жұмыстары қазақстандық отансүйгіштікті және азаматтық позицияны нығайту үрдісіндегі бірден-бір маңызды факторға айналуы керек.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық...

Осыған ұқсас мақалалар