30.3 C
Нарынкол
Суббота, 27 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

ЖАҢА ҒИМАРАТТАР БОЙ КӨТЕРУДЕ

         Сәулеті көз тартатын жаңа ғимараттар кез-келген елді мекеннің сәнін кіргізетіні анық. Құрылыс қаншалықты қарқынды жүрсе сол аймақ күн санап қарыштап дамитыны да белгілі. Ауданымыз бөлінгелі бері аудан көлемінде жүргізілген ірілі-ұсақты құрылыстарды көзімізбен көрдік. Жаңа нысандар әлі де бой көтеруде. Алдағы уақытқа өз кезегімен жоспарланған құрылыс жұмыстары да аз емес. Соның ішінде қазіргі таңда аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына тоқтала кетейік.

         Сарыбастау ауылындағы 2 коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы өз жоспарына сай жүзеге асырылуда. Аталған тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын «Қазығұрт-Сервис» ЖШС жүргізуде. Жоба құны 49 млн. теңге.

         Мемлекеттің бірінші байлығы -халық болса, халықтың бірінші байлығы- денсаулығы екені айтпаса да белгілі. Осы орайда ауданымыздағы көптеген ауылдардан медициналық пунктер бой көтерді. Бүгінгі күні Көмірші ауылынан да дәл осындай медициналық пункт салынып жатыр. Аталған денсаулық сақтау ғимаратына 134,2 млн. теңге қаралды. Мемлекеттік сатып алуда жеңімпаз болып табылған «Тунас» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

         «Умирзак» ЖШС мердігерлік ететін Нарынқол ауылындағы 250 орындық емхананың ғимараты да бой көтеріп күннен-күнге жұмыстары аяқталып келеді. Аталған нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып ғимарат қолданысқа берілсе аудан орталығындағы ірі жұмыс орындарының бірі болары анық. Халыққа да тигізер пайдасы мол. Айта кететін жайт, аталған құрылыс жұмыстарында кешеуілдеулер мен кенжелеулер болғаны да белгілі. Бұған себеп құрылысқа қажетті заттардың бағасы қымбаттауына байланысты қайта есептеулер жүргізілген болатын. Сол арада құрылыс өз уақытынан шегеріліп қалды. Қаізргі уақытта қайта есептеу аяқталып, жұмыстары жүргізіліп жатыр.

         Денсаулық сақтау саласы бойынша Тегістік ауылынан салынып жатқан фелдшерлік акушерлік пункттің құрылыс жұмыстарын айта кеткен жөн. Осы күнге дейін тозығы жеткен ғимаратта отырған ақ халатты абзал жандарға алдағы уақытта адам емдеуге жаңа мүмкіндіктер пайда болатын болады.  

         Мәдениетті адам – мәдениетті қоғамның кепілі. Әр ауылда мәдениет ордасының болғаны көңіл көншітеді. Кезекті  су жаңа, заман талабына сай мәдениет үйі Жамбыл ауылында салынуда. Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарына 512,6 млн. теңге қарастырылған. «Алматы Construction БМ» ЖШС мәдениет үйінің жұмыстарын жүргізуде. Бұл құрылыс нысаны да қолданысқа берілсе ауыл халқы үшін көптен күткен қуаныш болары сөсіз.

         Аудан орталығы Нарынқол ауылынан көп ұзамай ветеринариялық лаборатория ғимараты есігін айқара ашпақшы. «Іргетас Құрылыс-ІІ» ЖШС құрылыс жұмысын жүргізіп отырған ветеринариялық лабораторияға 423,7 млн. теңге бөлінген.

         Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға баса назар аударып, көп көңіл бөлуде. Бұл – қос қолдап құптарлық жағдай. Себебі, ел болашағы жастардың қолында. Сол себепті Нарынқол ауылында Жастар орталығының ғимараты салынуда. Жастар орталығының да ел болашағы үшін берері көп. Орталықтан шыққан жаһандық бәсекеге қабілетті жастар болашақта ел тізгінін ұстап, мемлекетімізді әлемдегі дамыған елдермен үзеңгі қағыстыратын жағдайға жеткізуге септігін тигізетін болады. «Финансово-строительная корпорация «Астана-Курылыс» ЖШС жүргізіп отырған құрылыс аяқталып, ғимарат пайдалануға берілген күннен бастап аудан жастары зор сенім арқаламақ.

         Қарасаз ауылындағы өнер мектебінің құрылысы да қарқынды жүріп жатыр деп айта аламыз. «SP Neft» ЖШС өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап білім ордасының құрылысын ойдағыдай жүргізуде. Нысанның жалпы құны 894,4 млн. теңгені құрайды.

Сарыбастау ауылындағы шағын спорт кешенінің құрылысын да «SP Neft» ЖШС өз дәрежесінде жүргізуде.

Сондай-ақ, Шәлкөде ауылдық округіне қарасты Шибұт, Шолақ, Қабанды тоғандарында тасқын және еріген қар, жауын суларын жинақтауға арналған бөгеттерді қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Ауыз су мәселесі бойынша айтсақ, былтырғы жылы ғана Көкбел, Тұзкөл, Тегістік ауылдарына ауыз су тартылған болатын. Аталған  ауылдардағы су құбыры жұмыстары аяқталып қазіргі уақытта қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Оған қоса Қаратоған ауылындағы ауыз су мәселесі оң шешімін тауып, мемлекеттік сатып алудан жеңімпаз мердігер анықталып, өз жұмысын бастап жатыр.

Жоғарыда аталған құрылыс жұмыстары сәтімен аяқталып қолданысқа берілсе аудан тұрғындары үшін қуанышты жаңалық болмақ. Аудан бойынша атқарылып жатқан жұмыстар аз емес, атқарылатын жұмыстар одан да көп. Алдағы уақытта Сарыжаз ауылынан 4 пәтерлі 10 тұрғын үй, Нарынқол ауылынан 30 жалгерлік тұрғын үй, 4 пәтерлі 10 жалгерлік тұрғын үй салынатын болады.

Қорыта айтқанда, ауданымыздағы құрылыс жұмыстары қарқынды. Құрылыстың негізгі маңыздылығы оның сапасында. Жұмыстың қарқыны бәсеңдемей, сапасы төмендемей жүргізілсе аудан халқын көптеген қуанышты күндер күтіп тұрғаны анық.

Дастан ЖАНАСЫЛ

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық...

Осыған ұқсас мақалалар