11.2 C
Нарынкол
Понедельник, 13 мая, 2024
No menu items!
Маңызды

ЧЕРНОБЫЛЬ АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

    Чернобыль апаты — Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында, 1986 ж. сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында болған апат. Чернобыль апатының нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 км. жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді.

Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз қалып отыр.

«Мир» станциясынан түсірілген Чернобыль АЭС территориясы, Сәуірдің 27 1997жыл.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан төрт мыңдай адам қаза тапты деп хабарлады. Бірақ, ядролық энергия нысандарына қарсылық танытушылар 100 мың адам құрбан болды

    1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да тартылды. 

      Апатты залалсыздандыруға Алматы облысынан қатысқандар саны 2000 -нан астам адам. Бүгінде ауданымызда Чернобыль ардагерлерінен 12 жауынгер бар. Аудан әкімі ардагер жауынгерлерді арнайы жиында марапаттап, Н. Мақсат, М. Александр, Д. Нұрболат, И. Ғани есімді ерлерді алғыс хатпен марапаттап, арнайы сыйлықтар табыс етті. Ардагер жауынгерлердің келесі тобына алғыс хат тапсыруды аудандық мәслихат төрағасы Самат Сартаубайұлы жалғастырып, С. Ернат, С. Жанат, Ж. Нұрбақыт, С. Берік сынды ардагерлерді марапаттады. Бұл марапаттаудың соңы емес. Аудандық ақсақалдар алқасы төрағасы Бірбаев Бекболат мырза да бірқатар жаужүрек ардагерлерге алғыс хат табыс етті. Атап айтсақ, А. Ербол, Қ. Берік, А. Дәурен мырзалар тиісінше алғыс хатпен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

    “Сыйға сый, сыраға бал” демекші, Чернобыль апатының ардагерлері өздеріне арналған құрметке лайықты алғыстарын білдіріп, аудан әкімі   Фатықұлы Берік мырзаға, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Қоқымбаева Жәмилә ханымға, аудандық мәслихат төрағасы Мүсірбаев Самат мырза мен Құлмырзаев Дулат мырзаға “Қазақстан патриоты ” атты төсбелгіні табыс етті.  

     Ауданымызда жаңа қоғамдық  ұйым құрылмақ.

     Жастарға байланысты кез келген мәселе өзекті. Себебі жас буын-ертеңгі ел болашағы. Осы ұғымды басшылыққа ала отырып, елімізде мақсатты  жобалар жүзеге асырылып, түрліше ұйымдар жұмыс жасауда. Мұндай нәтижелі жұмыстардан  біздің аудан да құр алақан емес. Тиісті мекемелер тиісінше еңбек етуде. Жуырда облыстық ақсақалдар кеңесі жанынан “Алатау жастары” атты қоғамдық жастар ұйымы құрылып, жұмысын бастады. Ендігі мәселе, осы ұйымның жұмысын аудан көлемінде жандандыру. Басшылық жасаушы тұлғаны тағайындау. Жас келсе іске, демекші, аталған қоғамдық ұйымның төрағалығына аудандық мәслихат депутаты, Ғабиден Данияр Дүйсенұрұлы тағайындалды. Басшы атану оңай, атаққа лайық болу маңызды. Алдағы уақытта, жастардың бірлескен жұмысы нәтижесінде жаңа ұйымның негізгі мақсат-міндеттері айқындалып, жүргізетін іс-шаралар жоспары жасалатын болады.

Перизат  НҰРЛАНҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 25 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 6...

Осыған ұқсас мақалалар