26.3 C
Нарынкол
Суббота, 27 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

АССАМБЛЕЯ — ЕЛ БІРЛІГІ ҮШІН ТИІМДІ ҚҰРЫЛЫМ

    Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының “Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу” атты ХХХІІІ  сессиясы өтуде.

    Биылғы сессияның өткізілу форматы бөлекше. Елімізде болып жатқан су тасқыны апатына байланысты сессия онлайн-форматта өтуде. Жылдағы дәстүр бойынша, бірлік күні мерекесіне орай өтетін сессия биылғы жылы ел үшін күрделі шақпен орайласып тұр. Елге келген апат халықты, басшылық өкілдерін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бірлікте болуға жұмылдырды. Апат елдің бір бөлігінде болып жатқанымен, басқа аймақтардағы елдер бей-жай қарап, қол қусырып отырған жоқ. Президент осы ынтымақ көрінісі үшін Қазақстан халқына дән риза.

    Президенттің тағы бір ерекшелеп өткені, Қазақстан халқы Ассамблеясының тасқын басталғалы бергі белсенді көмек көрсету жұмыстарын жүргізуі. Тасқыннан жапа шеккен халыққа түрлі сипатта көмек беру үшін Ассамблеяның республикалық және аймақтық штабтары құрылып, нәтижелі жұмыстар атқарған.

      Ассамблея өз кезегінде ел үшін маңызды құрылым. Тіптен конституциялық  мәртебесі бар маңызды қоғамдық орган саналады. Бұл құрылым аса көлемді қайырымдылық және жедел көмек көрсету шараларын уақытылы әрі асқан ұйымшылдық көрінісімен орындап келеді.

Дастан ҚАСЕНҰЛЫ,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық...

Осыған ұқсас мақалалар