0.5 C
Нарынкол
Понедельник, 27 мая, 2024
No menu items!
Маңызды

Жеңілістен де мән тапқан қазақ қайда?!

«Бәйге берем жеңілген балуанға да

Адалдығы сезіліп тұрар болса!» Т. Айбергенов

Қаратаудың жотасы көз тартқанмен, бір мезетте биіктеп-аласарып кетер жаратылысы футбол тағдырының, одан үміт күткен елдің ішкі күйін елестетеді. Жасыл желек торының төбесіне тиіп, арқанымен төмен ылдилаған допты көрсе қазекең бар тілегін ортаға тастап, үміт атты асаумен шабады-ау кеп. Егер, құрама гол соққан, қуаныштан атқақтап бір бұрышқа зулаған сәтін сыйламаса халқымыздың үміті «қазақтың добы қайда барасың-дап?!» бірден сөнеді-ау сірә.

Еуропаның төріне табан тигізіп, қос ойын өткізген(Грекия,Ликсембург) қазақ футболшыларының күйі қандай болды ?

Алғашқы он минутта дөп тиген пенальти олардың мысын басты. Әйтседе, спортшының іштегі ерік-жігері мен жүйке-жүйе мықтылығы осындайда сырт тебуі керек емес пе?! Демек бұл спортшыларымызға  еңсе түссе  тез жинақталатын психологиялық дайындық қажеттігінің дәлелі.

Іріктеу сынына дейінгі бір апта ішінде қандай пікірлер айтылды?

«Бұрын мұндай шешуші кездесулердің алдында бойымызда қорқыныш, үрей болатын. Ал қазір біртүрлі бір сенім бар. Бұл сеніміміздің қаншалықты орындалатынын білмеймін. Тек, екі жылдың ішінде құраманың осыншалықты прогресске жеткеніне қуаныштымыз. Еуропа чемпионатының екі қырынан кейін Германияның төбесі көрініп тұр…» Есей Жеңісұлы

«Бізде «Евро-2024»-ке қатысуға мүмкіндік бар. Бірақ, ол үшін іріктеу матчтарын жеңуіміз керек. Алайда Қазақстанның бүгінгі құрамасына сенбеу мүмкін емес. Біз топта басты фаворит болып саналатын Словакия құрамасын екі рет, Әзербайжанды бір рет, сондай-ақ тарихта алғаш рет белорусьтерді жеңдік. Біздің жігіттерге сәттілік серік боларына қатты сенемін, дегенмен, «Евроға» шығу өте қиын болады. Қазіргі таңда Магомед Адиевтің командасы жанкүйерлеріне үлкен сенім сыйлады, бізде бәрі ойдағыдай болады, бәрі де мүмкін деп есептеймін», — деді комментатор Петр Воликов

Күллі жұрт үміт артып, дәл осындай сарында  ой тастады. Тек осы сенім мен қолдау жеңіліс тапса да бірге қалуы керек еді-ау…

Жарқырап шыққан сарыға жабыла кетті тағы да…

Спорт табиғаттың жаратылысы- ай мен күн іспеттес. Екі бөлек болуымен өмірді кербез етіп, қарама-қарсылығымен тіршілікке мән беріп тұр. Спортта жеңіс һәм жеңілісімен мәнді. Сонысымен прогрессті. Жүлдесіз қайтқан сәтте сын айтылуы керек. Бірақ орынды болуы тиіс. Бұл нәрсені қаншалықты ескердік?!

Әлеужеліде тараған айқай сөздер, белгілі адамдардың орынсыз әңгімесі, күлкі келемежге салғаны, кеше ғана «біз біргеміз» деген жанкүйерлердің теріс айналуы жүректі дір еткізеді…  Осындайда Несіп ата Жүнісбайұлының мына бір сөзі еске түседі. « Жүлдеге деген өлермендік жарыстың қадірін кетіреді, жарысты ұйымдастырушының беделін де түсіреді, ең жаманы әлгі ортақ қуаныш болар бастаманың тамырына балта шауып тынады» Ережесіз белдесу кітабынан.

Айып алаңдағы айыбымызды даттаумен өзіміз ашсақ сырттан келер пікірдің сиқы кейінде осы болады.  «Бірінші ойын маңызды. Қазір мен тек Қазақстан туралы айтып отырмын. Біз жоғары дегейде ойнап, ойыншылардың дайындығын сақтап, алаңда бар күшімізді салуымыз керек. Біз дайынбыз, Қазақстан туралы бәрін білеміз. Егер олар бірдеңе өзгертсе, менің таң қалатыным сөзсіз. Біздің бабымыз жақсы болуы керек!», – деді Футболдан Грекия құрамасының бас бапкері Густаво Пойет. (Ойынға дейін, Орда.кз сайтында жарияланған)

«Тайжарыс» деп сеніміне селкеу түсірмеген, алға ұмтылған халық- қазақ емес пе еді? Ағаттық жібергеннің арқасын қағып, рухын қайрау да біздік қасиет еді.

Ала доптың ағындай болған үміт, сенімімізді шың басынан түсірмейік ағайын!

Авторы: Бишер Дильназ Марленқызы

 Жетекшісі: Н.Б. Рушанова, аға оқытушы

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 25 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 6...

Осыған ұқсас мақалалар