12.1 C
Нарынкол
Воскресенье, 19 мая, 2024
No menu items!
Маңызды

КӨПТЕН КҮТКЕН ЗАҢ КҮШІНЕ ЕНДІ

 Соңғы кездері қоғамда әйелдер мен балаларға жасалатын қылмыс саны артып, неше түрлі құқық бұзушылықтар орын алуда. Осыған орай, президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер мен балалардың құқықтарының қорғалуын басты назарға қойып отыр. Қ. Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойды. Алдағы уақытта нәзік жандылар мен кәмелет жасқа толмаған балаларға қиянат жасаушылар жеңіл жазамен құтылмайды.

Сондай-ақ, ата-аналар немесе заңды қамқоршылары кәмелет жасқа толмағандарға тиісінше күтім жасамаған жағдайда, жауапкершілікке тартылады.

Негізгі Заң 15 заңнамалық актісіне, оның ішінде жеті кодекс пен сегіз заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Ілеспе заң әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізуді қарастырады. Кәмелетке толмағандарды қорлау (қорқыту, кибербуллинг) және 16 жасқа толмаған баланы қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіру және басқа да түзетулер үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленеді.

Қабылданған заңның басты міндеті балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу болып табылады. Заң ресми түрде жарияланған соң алпыс күн ішінде қолданысқа енгізіледі. Оған себеп, бұрын жауапкершілік қарастырылмаған әрекеттер үшін жауапкершілік көзделетінінде.

Бұл еліміз үшін үлкен өзгеріс пен, әділет саласындағы үлкен жеңіс болмақ.

БҰҰ-ның ресми дерегіне сүйенсек, Қазақстанда жылына кем дегенде 400 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қаза табады. Дене түршіктіретін ақпарат.

   Мұндай сұмдық көрсеткішке бей-жай қарауға болмайды. Бұдан былай, кәмелетке толмағандарға қысым көрсетушілер жеңіл жазамен құтылмайды. Заңмен қадағаланады. Сонымен қатар, тараптардың татуласу мүмкіндігі де жоқ. Балаларға жыныстық және түрлі сипатта зорлық-зомбылық көрсеткендер, бала өлтіргендер мен осы қылмысқа қатысқандарға өмірлік түрме жазасы енгізіледі. Одан өзге, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе ықпал ету атты жаңа қылмыс түрі енгізіліп, қылмыстық жауапкершілік көзделеді. Заң, негізінен әйелдер мен балаларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан құтқарады. Расымен де таңның атысынан кештің батысына дейін аталған мәселе бойынша түрлі сұмдықты еститін болдық. Заң оң өзгерістерге жол бастаса деген ізгі ниеттеміз.

Балжан ОМАРОВА,

Аудандық аналар кеңесі төрайымы

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 25 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 6...

Осыған ұқсас мақалалар