12.1 C
Нарынкол
Воскресенье, 19 мая, 2024
No menu items!
Маңызды

БЕРДІБЕК – ҒАСЫР БАЛАЛАР  ЖАЗУШЫСЫ

        Әлем әдебиетіндегі -балалар әлемі ондағы сыршыл сюжеттер, шытырман оқиғалар, кішкентай кейіпкерлер. Балалар әдебиеті, балалар әлемі, олардың қиялы, балалық шақ әлемі бар екенінен хабардар еткен, әлемдік жазушылар Жюль -Верн шығармасындағы Роберт, Аркадий Гайдар туындысында қиялшыл Тимур бейнесі, Алексей Толстойдың Буратиносы Корней Чуковскийдің Айболит кейіпкерлері, бұл шығармалардың бәрінде адамгершілік, ізгілік дағдыларын ұрпаққа үйрету көзделеді. Ал біздің қазақ әдебиетінде балалар әдебиетіне көңіл аударған, қалам аударған ақын-жазушыларымызда баршылық. Олар Сапарғали Бегалин, Өтебай Тұрманжанов, Сансызбай Сарғасқаев, Машқар Гумеров, Танаш Дәуренбеков, Марат Қабанбаев т.с.с. Олардың  балалар туралы жазған шығармалары бір төбе. Сондай-ақ, қай ұрпақтың болса да жадында ұмытылмай есте қалған туындылардың бірі Бердібек Соқпақбаевтың «Қожасы» деп айтуға болады. Осы кітап бойынша түсірілген киноны қанша рет көрсеңде, кітапты қанша оқысаңда жалықпайсың,  көз алдыңда балалар жазушысы тұрады. Бердібек соғыстан кейін Қаз-Пиді бітіріп, қазақ тілі, әдебиеті мұғалімі мамандығын алып шықты. Алғаш еңбек жолын, Қостөбе ауылында мұғалім болып бастады. Кейіннен қалада киностудияда қызметтер атқарды.    

Сол жылдарда «Жастар даусы»,  «Бұлақ», «Жекпе-Жек», немесе «16-жасар чемпион» атты туындылары, повестері жарық көрді. Тың тақырыптар, мазмұны терең, бала тәрбиесіне тигізер көмегі зор шығармаларының нәтижесінде танымал болып, жас талантты жолдамамен, Мәскеуге оқуға жібереді. Оқуын бітіріп Алматыға келгенде, Қазақстан Жазушылар   Одағының шешімімен екі бөлмелі пәтер сыйға берілген еді. Осы мерзімдерде біліміне, таланты, талабы қосылған Бердібек Соқпақбаевтың әйгілі туындысы «Өзім туралы  повесть» туған еді. Бұл шығармасында кеңестік кезеңдегі балалар әдебиетіндегі сюжеттер, оқиғалар өлшемдері өзіндік ерекше талаптар қойды. Шығармадағы балалар октябрят, пионер, комсомолдар барлығы шетінен тәртіпті, патриот, тіл алғыш белсенді ұл-қыздар еді. Ал олардың ортасында бала болған соң, ақылды тентектер, қиқтар балалар да, олардың нашар қылықтары да, сабақтан кешігіп, кетіп қалатын кездері де кездесіп жататын. Бердібек Соқпақбаев өзінің кейіпкері Қожа арқылы осы жағымды жағымсыз әдеттерді енгізген еді. Сол кезде неше түрлі сынға алғанда бұл кітабын «Менің атым Қожа» деп ауыстырып, 1958 жылы Мәскеуде «Детгиз» баспасында көп тиражбен басып шығарған еді. Келесі жылдары молдава, орыс, эстон, өзбек, литван, украин, латын тілдеріне аударылып басылып шықты. 1963-жылы «Қазақ фильм» осы шығармасы бойынша «Менің атым Қожа» атты кино түсірді. Бұл туынды 1967-жылы Францияның Канн қаласында халықаралық фестивальда бас жүлдені жеңіп алды. «Менің атым Қожа» повесі бойынша көркем фильмді көрнекті  кинорежиссер Абдолла Қарсақбаевтың тер төгуімен өмірге келген еді. Бұл кино көрермен сүйіспеншілігіне қолдауына ие болған, туындылардың төрінде болды. 61 жыл өтсе де, бұл кино құнын жойған жоқ, бұрынғыдан да танымал болып келеді. Бұл фильмде басты рөлде ойнаған  Нұрлан Сегізбаев «Менің атым Қожа» экранға шыққан соң 4 жылдан кейін дүниежүзілік  көркемсурет фильмдерінің фестивалне қатысып, тұңғыш рет қазақ киносы Кеңес Одағы бойынша «Иванның балалық шағы», «Қоңырау соғылып тұр», «Менің  атым Қожа» үшінші орын алған еді. Сонымен Қожа  Алматыға  қуанышпен оралған еді. 1970-1978 жылдары жазылған 12 -томдық энциклопедияға «Қазақ КСР-і» томына құрметпен жазылған еді. ЮНЕСКО-ның  100 және 115 жылдығында өнер комитеті Қожаның эпизотын марка етіп басып шығарған еді. Бердібек Соқпақбаев қанша жасқа келсе де туған елін ұмытқан емес, аңсары ауғанда келіп кететін, балалық шағын еске алып, балалармен кездесу ұйымдастырып, әңгімелесіп қайтатын еді. 1984-жылы  балалар жазушысының 60 жылдық мерейтойы Нарынқол ауылында аталып өткенде, Нарынқол ауданы оқушылары демалатын «Ақбұлақ» лагеріне келгені, онда белгілі жазушылармен, аудан басшылары барлығы оқушылармен керемет, әсерлі кездесу өткізген еді. Бұл кездесуде Бердібек Соқпақбаев бала кезінен жазған өлеңдерін, балалық шағына байланысты    қиындықтарын, қызықты оқиғаларды айтқаны жайлы, келген жазушыларды «Лагерьдің құрметті пионері» қатарына қабылдап, қызыл галстук таққанын, Көмірші орта мектебінің  ұстазы Игенова Кульшат өз естелігінде жазған еді.

Биылғы жыл Нарынқол өңірі үшін ерекше жыл. Бердібек балалар әдебиетінде өзіндік өрнегімен, шындықты қарапайым әңгімелеу арқылы кейіпкерді даралап, сипаттаудың жолдарын тапқан талантты жазушы. Жақында шыққан «Бердібек ауылына саяхат» атты деректі көркем фильмді түсіріп, тұсауын  жазушының туған жерінде кескен, кездесу болған еді. Оған жерлесіміз  Сержан Молдасанұлының еңбегі зор болды. Бұл кездесуге «Қожаның» рөлін сомдаған қазіргі таңда философия ғылымдарының кандидаты, сценарист, кинодраматург, Қазақстанның Жазушылар Одағының Құрметті азаматы, Нұрлан Санжарұлы Сегізбаевтің қатысуы да  әсерлі болған еді.

Ойымызды түйіндей келсек, жазушы кітаптарының ішіндегі өмірден алған, сол Кеңес кезіндегі бір жүйенің тұсында-ақ, қызыл галстук байлаған пионер бейнесі жаңаша, бөлекше сомдалады. Еркін өскен Қожа, бір қалыпты  жүйеге үйрене алмаған, қазақ баласын көз алдыңа келтіреді. Қазақтың қара баласы ойлауы, ойнауы, жүріс- тұрысы барлық қылықтарынан шынайы  жаныңа жақын ізгілікті байқайсың. Қожаның мектепте бетіне қатал қарағандарымен, сабақтан тыс уақыттарда сынып жетекшісі Майқанова, мектеп директоры Ахметов, сүйікті ұстазы Рахманов ағайының жақын тартып, жылы сөйлеп әңгімеге тартатыны, ұстаз мейірімін де көріп, біліп өскені байқалатын. Қожа өте ақкөңіл, қайырымды бала болған, құрбы-құрдастарының барлығын бірдей көрген, сабаққа қыры жоқ, ойы далада ғана, жылқы бағып жүрген Сұлтанмен тіл табысып жақсы көрген. Мінезі даладай кең, барлық адамға бірдей көзқараспен қараған бала Қожа еді. 

Бердібек Соқпақбаев қазақ елінің  басшысы болған Д.А.Қонаевтың туған күніне бір топ ақын жазушылармен бірге құттықтауға барғанда, «Бердібек мынау сенің француз тілінде аударылған «Менің атым Қожа» кітабыңды Парижде, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолын» маған сыйға тартқан еді. Менің үйімде шындықты айтсам жазушылардан Мұхтардан кейін көрген Бердібек, сенімен жақын көріп, танысқаныма қуаныштымын»- деп, екеуінің әңгімесі жарасымды өткен еді. Сол кездесуде бұрын кездеспеген қаламгерге  Қонаевтың ерекше ықыласы ауған еді. Балалар жазушысы өмірден алған боямасыз  шыңдықты жазғаны үшін, еңбектері де елеусіз қалған кездері болды. Ол өз шығармаларында, азаттықты, ұлттың бағын, таланттардың рухын көтеретін еркіндікті аңсаған еді. Міне  жылдар жылжып шын жүйріктің шығармалары бұрын да танымал болған еді, қазіргі таңда   басқаша қырынан танымал бола бастады. Жазушы шығармалары жер шарына таратылып, 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде  аталатыны қазаққа, біздің жерлестерімізге үлкен сын, керемет құрмет ағайын.

             ИСЕМБАЕВА Саюзхан Жылқыбайқызы,

Райымбек ауданының Құрметті азаматы,

Зейнеткер ұстаз

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 25 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 6...

Осыған ұқсас мақалалар