12.3 C
Нарынкол
Воскресенье, 19 мая, 2024
No menu items!
Маңызды

АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

🖋️Райымбек ауданының әкімі Берік Дүйсенбаев «AMANAT» партиясы Райымбек аудандық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады.

🖋️Қабылдауда болған тұрғындардың мәселелері сан түрлі. Олар қозғаған мәселелердің қатарында тұрғын үй алу, тұрақты жұмыспен қамту және жер телімі бойынша өтініштер бар.

🖋️Мәселен, Нарынқол ауылының тұрғыны, көп балалы ана үй алуға көмек берулерін сұрап келді. Көп балалы ана үй кезегінде 162-кезекте тұрады. Кезекті күту керектігі, заң жүзінде басқа ешқандай жолы жоқ екендігі толық түсіндіріліп айтылды.

🖋️Текес ауылының тұрғыны жолдасына жаңа салынған ауылдық әкімшіліктен жұмыс қарастырып берулерін өтініш жасады. Жолдасының қоғамдық жұмысқа тіркеліп, жұмыс жасап жатқанына 7 жыл болғандығын жеткізіп, тұрақты жұмыспен қамтуды сұрады.

🖋️Қабылдауға келген азаматтардың бәріне заңды-құқықтық тұрғыдан, мәселелерінің шешілуіне бағыт-бағдар берілді. Олардың кейбірі өз сұрақтарына қатысты түсіндірме жауапты сол жерде алды.

🖋️📖Айта кету керек, «AMANAT» партиясы Райымбек аудандық партия филиалының қабылдау бөлмесіне келіп түскен ұсыныс-пікір, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Мамандар әрбірінің себеп-салдарын жіті зерттеп, шешімін заң талаптарын негізге алып қарастырады.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 25 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 6...

Осыған ұқсас мақалалар