12.3 C
Нарынкол
Воскресенье, 19 мая, 2024
No menu items!
Маңызды

ЖАЗУШЫНЫҢ ТОЙЫ ЖАЛҒАСУДА

Биылғы жыл Тәңіртаулықтар үшін ерекше жыл. Бұлай деуіміздің басты себебі Қазақ әдебиетіндегі өзіндік өрнегімен, шындықты қарапайым әңгімелеу арқылы мөлдіретіп, көз алдыңа жайып салатын, кейіпкерлерді даралау мен психологиялық бейнелеудің де өзгеше бір жолын тапқан талантты жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толып отыр. Жазушының туған жеріндегі Баққожа Мұқай атындағы мәдениет үйінде бір жыл бойы дүркіреп өтетін тойдың салтанатты ашылуы болды.

Шараның басында жиылған қауымға Б.Соқпақбаевтың өзі пайдаланған заттардан қойылған көрме таныстырылды және ұлы тұлғаның өмір жолынан сыр шертетін «Бердібек ауылына саяхат» атты деректі-көркем фильмі көрсетілді.

Алғашқы болып сөз кезегін алған аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы аудан тұрғындарын баршаға ортақ қуаныштарымен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде «Жазушының өзінің өмір сүрген заманның шынайы келбетін суреттеген «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа», «Өлгендер қайтып келмейді» атты шоқтығы биік туындылары бәріміздің балалық шағымызбен бірге есімізде қалғаны анық.

Ауданымыздағы аядай ғана Қостөбе ауылында дүниеге келіп, Еңбек жолын туған өлкесі Нарынқолда бастаған жерлесіміз, Халықаралық жүлдеге ие болған «Менің атым Қожа» фильмі арқылы Қазақстанның табиғатын, болмысын дүниежүзіне танытты. Фильмнің шыққанына жарты ғасырдан асса да, көрерменін әлі жалықтырған жоқ. Мұның өзі Бердібек Соқпақбаевтың даусыз талант иесі екенінің анық дәлелі»-деді.

Жоғарыда айтылған деректі-көркем фильмді түсіріп, оның тұсауын жазушының туған жерінде кесіп отырған жерлесіміз Сержан Молдасанұлына аудан әкімі ерекше алғысын білдіріп, иығына шапан жауып, астына ат мінгізді.

Өз кезегінде Алматы облысы мәдениет, архифтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Төлеужан Нүсіпжанұлы, Қожаның рөлін сомдаған әртіс, сценарист, кинодрмаматург, Қазақстанның Құрметті азаматы, философия ғылымдарының кандидаты Нұрлан Санжарұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының Алматы облыстық филиалының төрағасы, жазушы Қанат Әбілқайырлар сөз тізгінін алып Бердібекті тудырған халықты жазушының 100 жылдығымен құттықтады.  

Қазақ әдебиетінің классик жазушысы қазақ әдебиетіне екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары қосылды. Жазушы шығармаларында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалардың өмірі, тылдағы еңбек жағдайы әсерлі етіп суреттеледі. Саналы ғұмырын әділдік пен әдебиетке арнаған көрнекті қаламгердің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланатыны күллі қазақ қауымы мен қоса жерлестерін де ерекше қуанышқа бөледі.

Дастан ЖАНАСЫЛ

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 25 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 6...

Осыған ұқсас мақалалар