30.3 C
Нарынкол
Суббота, 27 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

Алиманов Есенжол Мухамбетұлын еске алуға арналған жастар арасында грек-рим күресінен республикалық ашық турнирінің ашылу салтанаты өтті

Алматы облысы Талғар ауданы №2 БЖСМ спорт залында, КСРО спорт шебері Алиманов Есенжол Мухамбетұлын еске алуға арналған жастар арасында грек-рим күресінен республикалық ашық турнирінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына Талғар ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекбосынов Матан Рахымбергенұлы, ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресінің вице-президенті Жабасов Даурен Еркінұлы, Алматы облысы күрес федерациясының президенті Кузембаев Дамир Сабитұлы, Алматы облысы спорт басқарма басшысының орынбасары Рахман мырза, Алматы облысының бұқаралық -спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Ержан Мұратұлы, Талғар ауданының бұқаралық -спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Бусурманов Жандос Аянбекұлы, Талғар ауданының №2 БЖСМ директоры Айгуль Оралбековна, Талғар ауданының №1 БЖСМ директоры грек-рим күресінен Азия чемпионы Асылжан Жақыпұлы, Талғар аудандық күрес федерациясының вице-президенті Алишер Сұлтанмұратұлы қатысты.Іс-шара барысында спорттың дамуына орасан зор өз үлестерін қосып жүрген ел ағаларына Кузембаев Дамир Сабитұлы арнайы құттықтап, Алматы облысының федерациясы атынан төс белгілер тақты. Соның ішінде Талғар ауданының бұқаралық -спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Жандос Аянбекұлына да тағылды. Жарысқа бірнеше мемлекеттен боз кілемнің хас шеберлері жиналды. РФ-сы, Қырғызстан, Өзбекстан, Таджикистан сияқты мемлекеттерден мен-мен деген балуандар шақырылды. Жарысты Алиманов Есенжол Мухамбетұлының туған-туыстары, немерелері ұйымдастыруда. Сонымен қатар, Алиманов Есенжол Мухамбетұлын еске алуға арналған үлкен асы Құран бағышталынып құдай тамағы берілді.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық...

Осыған ұқсас мақалалар