20.1 C
Нарынкол
Суббота, 27 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен аудан, қалалардың өзіне тән мәдениетін өркендету, таныту, мәдени өрлеу мен жаңаша өмір жетістіктерін таныстыру, ұлттық өнерді, ұлы тұлғаларды дәріптеу мақсатында Райымбек ауданында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ауылым – алтын бесігім» атты аудан мәдениеті күні өткізілді.  

         Аталған шараға облыс орталығынан, алыс-жақын аудандардан құрметті қонақтар арнайы келді. Шара барысында келген қонақтарға ауданымыздың көрмесі танысырылды. Көрме барысында ұлттық өнер, ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар, ұлттық киімдер, салт-дәстүрлеріміз, ауданымыздың ұлы тұлғалары, аудан жетістіктері қамтылды. Туған жеріміздің табиғаты, аң-құстары, ауылшаруашылық өнімдері мен асыл тұқымды төрт түлігіміз де көрме төрінен орын алды. Ақын жазушыларымыздың шығармашылықтары кітап сөресінен орын алып, көшпелі мұражайға да назар аударылды. Ақ жаулықты әжелеріміз талқан дайындап қонақтарға ауыз тигізді.

Тарихи тағылымды, мәдени маңызды шараның алғашқы құттықтау сөзін аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы сөйледі. Өңір басшысы өз сөзінде ауданымыздан шыққан ұлы тұлғаларға, ауданымыздың жетістіктеріне, сұлу табиғатына тоқталды. Келесі сөз кезегін алған Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Үмбеталиев Ануар Мұхтарханұлы мәдени шараға жиналған халықты мерекемен құттықтап, ыстық ықыласын арнады.

 Аудан мәдениеті күні ары қарай мәдени сахналандырылған көрініспен жалғасты. Аудан өнерпаздары ұлттық өнерді дәріптеп, салт-дәстүрдің дақпыртын асырды. Ұлттық аспаптарда ән-күйлер орындалып, жиналған көпшілік жоғары бағалады.

Дастан ҚАСЕНҰЛЫ

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық...

Осыған ұқсас мақалалар