30.3 C
Нарынкол
Суббота, 27 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

ДАУДЫ БІТІМГЕРШІЛІКПЕН ШЕШУДІҢ ТИІМДІЛІГІ ЗОР

Тараптардың дауды бітімгершілікпен шешуі  қоғамдық сананы өзгерту, қоғамда бейбітшілікті және татулықты орнату. Жылма жыл адамдардың саны көбейіп, ауылдар мен қалалар өсіп, халықтың арасындағы қарым-қатынас нығайып келеді. Сонымен қатар, осы қатынастардан туындайтын даулардың да саны артуда.

 Тараптар өздері шешімге келмеген жағдайда  сотқа жүгінеді.  Алайда, соттың мақсаты тек шешім шығару емес, басты мақсаты іс бойынша медиативтік татуласу рәсімдерін қолдану, дауласушы екі тарапты да қанағаттандыратын шешімнің нұсқасына қол жеткізу, азаматтардың дауды соттан тыс реттеу иниституттары арқылы шешу құқығын іске асыруға жәрдемдесу.

Осыған орай,  «Медиация» туралы  заң 2011 жылы 28 қаңтарда қабылданды. Ол заңның қандай пайдасы бар? Бұл заң тамырын қазақтың көне тарихынан, байырғы билік қағидаларынан алынған. Тентегін түрмесіз тәрбиелеген қазақ арнайы заңсыз-ақ елдің тыныштығын сақтап, ағайын арасында сызат түсірмеген. Дауласқан тараптарды бітістірудің, келісімге келтірудің шебері болған билер дәстүрі бүгінге жаңғырып, жаңғырығы қуантады. «Медиация  туралы» заң соның нақты дәлелді. Бұл заң — қазақтың қанында бар бітімгершілікті дамытудың белгісі. Көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға жауап іздегенде ауыз толтырып айтатын оң нәтижелердің барына көңіл толады. Сот ғимаратында медиация бұрыштары ашылды, әкімдік ассамблея, кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып медиаторлар жұмысын насихаттаудың, медиативтік келісімге келудің негізі жасалды.

 Жоғарғы Сот тарапынан «Медиация туралы» заңды насихаттап, тараптарды татуластыру мақсатында қолға алынған жұмыстар ұшан-теңіз. Сот медиацияны ілгерлетудің қозғаушы күші десек те болады. Себебі жоғарғы игілікті істердің барлығы сот саласының бастамасымен жүзеге асырылады.

Азаматтық процестік кодекске арнайы тарау енгізіліп, татуласу тетіктері кеңейді. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген жаңа кодексте татуласу рәсімін кеңінен қолдану  және азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерін іске асыру мақсатында дауды бейбіт реттеуге ықпал ету көзделген.

«Татуласу рәсімдері» деген бөлек тарауда  медиация тәртібімен дауды шешуге бағытталған бітімгершілік келісімдер мен шарттар жасаудың рәсімдері мен салдарын егжей-тегжейлі реттеу қарастырылады.

 Жаңа азаматтық процессуалдық кодекс бітімгершілікке келу және сотқа дейінгі татуласу шараларын кеңінен қолдануға мол мүмкіндік береді. Татуластыру ісімен әдеттегідей медиаторлар, сонымен қатар, ендігі жерде бірінші және апелляциялық сатылардағы судьялар мен адвокаттар да айналысатын болады.

Сот, тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады. Дауды процестің барлық сатыларында реттеуге жәрдемдеседі. Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медияция тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

Татуласу келісімін сот бекітеді. Татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейінгі сот талқылауының кез келген сатысында, сондай-ақ, сот актісінің орындалуы кезінде жұмыс алуы мүмкін. Татуласу келісімі басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұза алмайды және заңға қайшы келмейді.

Татуласу  келісімі жазбаша  нысанда  жасалады және оған тараптар немесе олардың өкілдері қол қояды. Татуласу келісімі оларды орындау мерзімі  мен тәртібі көрсетіле отырып, тараптар келіскен  шарттарды қамтуға тиіс.

Татуласу келісімінде кейінге қалдыру немесе ұзарту мерзімдері көрсетіле отырып, жауапкердің міндеттемелерді  орындауын кейінге қалдыру немесе ұзарту, талап ету құқығын басқаға беру, борышты толық немесе ішінара кешіру не мойындау, сот шығыстарын бөлу, татуласу келісімін мәжбүрлеп орындау туралы шарттар және заңға қайшы келмейтін өзге де шарттар қамтылуы мүмкін. Егер татуласу келісімінде сот шығыстарын бөлу туралы шарт болмаса, олар өзара өтелді деп есептеледі. Татуласу келісімі татуласу келісімін жасасқан тұлғалардың санынан бір дана артық жасалады және оған қол қойылады. Татуласу келісімін бекіткен сот осы  даналардың біреуін іс материалдарына  қоса тіркейді.

Сот тараптардың татуласу келісімін бекіту туралы өтінішхатын сот отырысында қарайды. Сот отырысына келмеген және өтінішхатты олардың қатысуынсыз қарау туралы арыз болмаған жағдайда, сот татуласу келісімін бекіту туралы өтінішхатты қарамайды. Сот татуласу келісімін жасаудың құқықтық салдарын ол бекітілгенге дейін тараптарға түсіндіреді.

Істі қарау нәтижелері бойынша сот татуласу  келісімін бекіту және іс бойынша  іс жүргізуді  тоқтату не татуласу келісімін бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Егер татуласу келісімі заңға қайшы келсе немесе басқа да тұлғалардың құқықтар мен заңды мүдделерін бұзса, сот оны бекітпейді. Сот татуласу келісімін бекітуден бас тартқан жағдайда, бұл туралы ұйғарым шығарады, ол шағым жасауға және наразылық білдіруге жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы уәждер апелляциялық шағымда көрсетілуі мүмкін. Сот актісін орындау сатысында жасалған татуласу келісімі сот актісінің орындалатын жердегі бірінші сатыдағы соттың немесе көрсетілген  сот актісін қабылдаған соттың бекітуіне ұсынылады. Татуласу келісімін  бекіту туралы ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа шағым  жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.

Сонымен қатар, сотқа  екі тараптың заңды өкілі ретінде маманданған кәсиби заңгердің-адвокаттың қатысуы арқылы бітімгершілікті бекіту белгіленді. Бұл процедура  кодексте  партисипативтік деп аталады. Сондай-ақ, сот процесінде тараптардың ұсынған кез-келген адам  заңды өкіл ретінде сотта өкілдік ете алмайды. Мідетті түрде кәсіби білікті заңгер немесе адвокаттың қатыстырылуы  міндеттеледі.

Тараптарды процестің алғашқы кезеңдерінде бітімгершілікке келуге ынталандыру үшін төленген мемлекеттік бажды кері қайтару тәсілдері де көзделіп отыр. Сот процесінде тараптар татуласып немесе бітімгершілік  келісімге келіп жатса, іс бойынша төленген мемлекеттік баж кері қайтарылады. Бұрын  мұндай норма балмаған, тараптар татуласқанымен, мемлекетке  төленген баж салығы қайтарылмайтын. Ал, қазір тараптардың бітімге келіп, істің бейбіт жолмен шешілуінің өзі материалдық тұрғыдан көмек болмақ.

Дау мұраты – бітім екенін ұмытпайық.

МЫРЗАЛЫ Айжан Амандыққызы,

Райымбек аудандық

сотының төрағасы                  

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық...

Осыған ұқсас мақалалар