16.2 C
Нарынкол
Понедельник, 18 сентября, 2023
No menu items!

ДАМУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Маңызды

         Жуырда Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылында ұлттық тәрбие мен заманауи озық білімді қатар оқытатын «Даму» инновациялық оқыту мен дамыту орталығы ашылды. Орталықты кәсіпкер Назира Қанапияева ашты. Жаңа білім ордасының ашылу салтанатына аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы, «Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасының» Алматы облыстық филиалының менторы Бақытгүл Қазыбайқызы, ауыл ақсақалдары мен әжелері және оқушылар қатысты.

Н. Қанапияева 2022 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында Алматы облысының Кәсіпкерлік және Индустиялды-инновациялық даму басқармасынан 5 миллион теңге сомасында қайтарымсыз гран ұтып алған болатын. Осы орайда ашылып отырған «Даму» орталығының болашақ ұрпақ үшін берері көп. Білім орталығы заманға сай толық жабдықталған. Тереңдетілген білім мен қатар спорт, өнерді де қатар алып жүреді. Орталықтың ерекшелігі оқытудың арнайы инновациялық әдістемесін пайдалану болып табылады. Алдағы уақытта білім ордасынан робототехника кабинетін ашу жоспарлануда. Болашақ ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ашылған білім ордасына ақсақалдар батасын беріп, әжелер шашуын шашты.

Дастан ЖАҢАСЫЛ

Соңғы жаңалықтар

ЕРЖАН ТОҚТАРҰЛЫ

    Жуырда, Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына   қарасты, «Алматы облысының музейлер бірлестігінің» ұйымдастыруымен Қарасаз ауылындағы Мұқағали Мақатаевтың...

Осыған ұқсас мақалалар